ⓘ Саяси тарих - Саяси тарих, Тарих философиясы, Тарих, археологиялық және этнологиялық институты, Мұрат Бақтиярұлы, Толқын Құдайбергенқызы Әуелғазина ..

Саяси тарих

Саяси тарих - саяси теорияларды, көзқарастарды, институттар мен оқиғаларды олардың хронологиялық тізбегінде және бір-бірімен байланысты уақыт ауқымында қарастыру. Адамзат тарихы белгілі бір мағынада - өткен саясат. Сондықтан саяси зерттеулер белгілі бір деңгейде саяси тарихқа көңіл бөледі. Саяси тарих пән ретінде - қоғам дамуынан көрініс табатын таптар, әртүрлі әлеуметтік топтар қатынастарын әлеуметтік-саяси мәселелерді, үрдістер мен тенденцияларды олардың тарихи дамуында зерттейтін қоғамдық ғылым.

Тарих философиясы

Тарих философиясы - - тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық де ...

Тарих, археологиялық және этнологиялық институты

Тарих және этнология институты – Қазақстанда тарих ғылымдары саласы бойынша жүргізілетін зерттеулердің бас ғылыми және үйлестіруші мекемесі. Институт 1945 жылы құрылған. Құрылымы антропология және этнология, ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы, тарихнама және деректану, тарихи демография және жаңа тарих, кеңес дәуірі тарихы, ғылылыми ақпарат бөлімдері мен "Отан тарихы" журналының редакциясынан тұрады. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарына тарих, этнология, этнография және антропология саласындағы іргелі зерттеулер, тарихнама мен деректану, тарихи демография, ғылым ...

Мұрат Бақтиярұлы

Мұрат Бақтиярұлы - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.

Толқын Құдайбергенқызы Әуелғазина

Толқын Құдайбергенқызы Әуелғазина – тарих ғылымның докторы, профессор. ҚазПИ-дің тарих факультетін және аспирантурасын бітірген соң осы университте оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғылым-зертеу жұмыстарының бағыты – қазақстандықтардың саяси әлеуметтенуі мен қоғамды демократияландыру және 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық қызметінің өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әуелғазина 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографиян ...

Ризат Сансызбайқызы Арын

Ризат Сансызбайқызы Арын – тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. ҚазҰУ-дың тарих факультетін 1993, ҚР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын 1996 және Қазақ гуманитарлық заң университетін 2005 бітірген. Қазақ даму институтында ғылыми, аға ғылым қызметкер, Солтүстік Қазақстан заң институтының директоры 2003, Павлодар гуманитарлық заң институтының ректоры 2004–1907, Павлодар мемлекеттік университетінің Тарих және өлке этнографиясы ғылыми-тәжірибелік орт-нда ғыл. қызметкер болды. 2007 ж. "Төл этностың әлеуметтік-саяси мәртебес ...

                                     

Ханкелді Махмұтұлы Әбжан

ӘБЖАН Ханкелді Махмұтұлы - ғалым, тарих ғыл. докт., проф. Қазақ мемл. ун-тінің тарих ф-тін бітірген. Целиноград инж құрылыс ин-тында, ҚазМУ-де ассистент. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атынд. тарих және этнология ин-тында, Абай атынд. ун-тте кафедра меңгерушісі болды. 1999 жылдан Л.Н. Гумилев атынд. ЕҰУ-де гуманитарлық ғыл. орт-ның кафедра меңгерушісі, директордың орынбасары қызметін атқарған. 200-дей ғыл. мақаланың, бірнеше монографияның авторы.