ⓘ Асханалық ыдыс-аяқтарды жуу бөлмесі - асханалық ыдыс-аяқ пен құрал-аспаптарды жууға арналған бөлме. Осы бөлме жіберу орнымен және сауда залымен ыңғайлы жерде жо ..

                                     

ⓘ Асханалық ыдыс-аяқтарды жуу бөлмесі

Асханалық ыдыс-аяқтарды жуу бөлмесі - асханалық ыдыс-аяқ пен құрал-аспаптарды жууға арналған бөлме. Осы бөлме жіберу орнымен және сауда залымен ыңғайлы жерде жобалану керек. Асханалық ыдыс-аяқтарды жуу бөлмесінде кәсіпорындағы орын санына байланысты ыдыс жуу машиналары мен ванналар саны анықталады. Жуардың алдында ыдыстар тағам қалдықтарынан тазартылып, сортталады. Шыны және хрусталь ыдыстар екі секциялы ванналарда жуылады.