ⓘ Ассортимент - өндірісте - шығарылатын бұйымдар түрі; саудада - бұйымдардың түрлері және сорттары. Ассортимент дегеніміз - белгілі бір белгі бойынша жинақталған ..

                                     

ⓘ Ассортимент

Ассортимент - өндірісте - шығарылатын бұйымдар түрі; саудада - бұйымдардың түрлері және сорттары. Ассортимент дегеніміз - белгілі бір белгі бойынша жинақталған тауарлар жиынтығы. Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді. Өндірістік ассортимент белгілі бір кәсіпорынмен немесе белгілі бір өндіріс саласында шығарылатын бұйымдарды біріктіреді. Саудалық ассортимент - көтерме немесе бөлшек желі арқылы өткізілетін тауарлар номенклатурасы. Ол кәсіпорын ассортиментіне және тауарлық топ ассортиментіне бөлінеді.