ⓘ Асығыс құрылған қорғаныс - шабуылға шыққан кезде өзінен күші артық қарсылас шабуылына тойтарыс беру кезінде, қарама-қарсы ұрыс нәтижесіз болғанда, ал қорғаныста ..

                                     

ⓘ Асығыс құрылған қорғаныс

Асығыс құрылған қорғаныс - шабуылға шыққан кезде өзінен күші артық қарсылас шабуылына тойтарыс беру кезінде, қарама-қарсы ұрыс нәтижесіз болғанда, ал қорғаныста өз күшімен белгілі бір шепті бүзып өткен қарсыласты тоқтату үшін немесе кейін шегінгенде әскерлердің бір бөлігінің күшімен негізгі күшті соққыдан аман алып қалу үшін қолданылатын қорғаныс. Бұл қорғаныстың басты ұйымдастырылуы, тұрақтылығы түбегейлі дайындықсыз болғандықтан, беріктігі нашар, атыс күші әлсіз, басқарылуы да мықты бола алмайды.