ⓘ Атмосфераның ластануы - әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде ..

                                     

ⓘ Атмосфераның ластануы

Атмосфераның ластануы - әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ, азот оксидтері, кеміртек оксидтері, хлор, формальдегид, фенол-бензпирен, шаң-тозаң жатады.