ⓘ Асхадулла Хамидуллин. Асхадулла Ғибадуллаұлы Хамидуллин 1923-2001 - жазушы, аудармашы. Абай шығармаларын зерттеп-насихаттаумен, ақынның Қазан баспаларында жария ..

                                     

ⓘ Асхадулла Хамидуллин

Асхадулла Ғибадуллаұлы Хамидуллин 1923-2001 - жазушы, аудармашы. Абай шығармаларын зерттеп-насихаттаумен, ақынның Қазан баспаларында жарияланған туындыларын анықтаумен айналысып келеді. Ол өзінің әдебиет пен өнер жайындағы мақалаларында Ғ. Тоқай мен Абай поэзиясының төркіні мен туыстығы туралы пікір қозғайды. "Сөнбейтін Тоқай жұлдызы" 1986 мақаласында: "Қазақ әдебиетіндегі Абай сияқты, Тоқай да татардың ұлттық поэзиясын дүн.жүз. және орыс әдебиетімен байланыстыра білді, оның бұқарашылдық бағытын кеңейтті, жалпы адамзаттық, гуманистік өнер деңгейіне дейін көтерді", - деп жазады. Хамидуллин екінші бір мақаласында: "Абай, одан кейінгі кезеңде Тоқай, екеуі екі заманда, екі аймақта өмір сүре тұрса да, татар әдебиетінің тарихында аса іргелі қызмет атқарғанын" атап өтеді.