ⓘ Атомдық спектр - еркін немесе әлсіз әсерлесетін атомдардың жұтылу және шығару спектрі. Ол атомның энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысулар нәтижесінде па ..

                                     

ⓘ Атомдық спектр

Атомдық спектр - еркін немесе әлсіз әсерлесетін атомдардың жұтылу және шығару спектрі. Ол атомның энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысулар нәтижесінде пайда болады. А. с. сызықтық спектр болып есептеледі, яғни олар жеке-жеке спектрлік сызықтардан тұрады. Спектрлік сызықтардың әр қайсысы Бордың жиіліктер шарты бойынша һ= Еі - Eк, атомның Еі және Ек екі энергия деңгейі арасындағы ауысуға сәйкес келеді. Спектрлік сызықтар толқын ұзындығы, жиілік с/с, мұндағы с - жарық жылдамдығы) және фотон энергиясы арқылы сипатталады. А. с-лерге энергиясының айырымы бірнеше эВ-тан аспайтын сыртқы электрондардың энергиялық деңгейіндегі ауысулар нәтижесінде пайда болатын, инфрақызыл және ультракүлгін спектрлер, сондай-ақ энергиясының айырмасы 1031104 эВ-қа жететін ішкі электрондардың энергиялық деңгейіндегі ауысулар кезінде пайда болатын рентгендік спектрлер, радиожиіліктегі спектрлер жатады. А. с-дің түрі берілген элемент атомының құрылысына ғана емес, сыртқы факторларға да тәуелді. Ең қарапайым А. с. белгілі заңдылық бойынша орналасқан спектрлік сызықтар - спектрлік серияларды түзеді. Екі не одан да көп сыртқы электрондары бар атомдардың А. с-і күрделі болып келеді. Күрделі спектрлерде серияларды бір-бірінен ажырату қиын. А. с. сызықтарының нәзік түзілісі және аса нәзік түзілістері болады. Бұлар электронның спинімен және атом ядросының магниттік және электрлік моменттерімен байланысты. Электронның спиндік және орбиталық магниттік моменттерінің әсерлесуі атомның энергия деңгейлерінің бірнеше деңгейшеге жіктелуін тудырады. Осының нәтижесінде атомның спектрлік сызығы бірнеше құраушыға жіктеледі. Осы сызықтар тобын мультиплет деп атайды. А. с-ді зерттеу атом құрылысын анықтау кезінде, спектроскопия мәселелерін шешуде т.б. маңызды рөл атқарады.