ⓘ Атаулы сөйлем - жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логик. ыңғайда құралып, баяндау мазмұны ..

                                     

ⓘ Атаулы сөйлем

Атаулы сөйлем - жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логик. ыңғайда құралып, баяндау мазмұны мәтінге қатысты айқындалатын бір құрамды сөйлем. А. с. мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы. Күн батып барады ; ә) ақиқатты эмоциялы-сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!. А. с. зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен, сын есімнен, есімдіктен, есімше, қимыл есімдерінен де жасалады. Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданаған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты. Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек. А.с. көркем әдебиетте ойды ықшам да бейнелі етіп, кейіпкер мінезін аша түсу үшін қолданылады.Әдеб.: Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис, А., 1967; Әміров Р.С., Жай сөйлем синтаксисі, А., 1983; Аманжолов С., Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, А., 1994,