ⓘ Асыл тұқымдық мал шаруашылығы - өнімді және таза тұқымдық мал тұқымы өсірілетін ауыл шаруашылығының бір саласы. Асыл тұқымдық мал шаруашылығының негізгі буыны - ..

                                     

ⓘ Асыл тұқымдық мал шаруашылығы

Асыл тұқымдық мал шаруашылығы - өнімді және таза тұқымдық мал тұқымы өсірілетін ауыл шаруашылығының бір саласы. Асыл тұқымдық мал шаруашылығының негізгі буыны - асыл тұқымды мал зауыты болып табылады. Онда мал тұқымының ең таңдаулылары өсіріледі. Мал зауыттарының міндеттері: өсіріп отырған мал тұқымын одан әрі жетілдіру, жаңа зауыттық тип, аталық іздер мен аналық ұялар құру арқылы тұқымның генетикалық мүмкіншілігін арттыру; өсірілген жоғары сапалы мал тұқымымен зауыттардың өздерін, мемлекеттік асылдандыру стансаларын және асыл тұқымды шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Мал зауыттарында асылдандыру жұмысы ғылымы негізде жүргізіледі, тек таза тұқым өсіру жұмысы іске асырылады. Келесі буын - асыл тұқымды мал шаруашылықтары. Олардың міндеттері: өсіріп отырған малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жақсарту; мал төлдерімен асыл тұқымды фермаларды және өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Республикада мұндай шаруашылықтарға Жамбыл облысындағы Луговой жылқы зауыты, Алматы облысындағы Ақсай сиыр зауыты, Қастек қой зауыты, Атырау облысындағы қой зауыты жатады.