ⓘ Астық қоймасы - астық сақтауға арналған ғимарат. Ол астықты жауын-шашыннан, зиянды кеміргіштер мен құстардан қорғауға, астықты тиеп түсіруге ыңғайлы және бақыла ..

                                     

ⓘ Астық қоймасы

Астық қоймасы - астық сақтауға арналған ғимарат. Ол астықты жауын-шашыннан, зиянды кеміргіштер мен құстардан қорғауға, астықты тиеп түсіруге ыңғайлы және бақылауға қолайлы болуы қажет. А. қ-ның еденді, қамбалы және сүрлемді түрлері бар.

  • Еденді А. қ. астық қабылдайтын, астық өндірілетін шаруашылықтарда салынады, астық еденде сақталады.
  • Қамбалы А. қ-нда мол астықты қамбаларға бөліп құйып сақтайды. Қамбалар едені астық өздігінен ағып шығу үшін көлбеу немесе конус тәрізді болып келеді.
  • Сүрлемді А. қ. биік етіліп, көлденең қимасы дөңгелек, төрт немесе көп бұрышты болып темірбетоннан немесе металдан салынады. Едені конус тәрізді немесе шұңқыр болады. А. қ-ның жетілдірілген түрі - элеватор да сүрлемді түрге жатады. Ол өңдеу орындарына таяу жерден салынады. қ. Элеватор.