ⓘ Астрономиялық-геодезиялық тор - орны астрономиялық-геодезиялық координаттар жүйесінде анықталатын аспан шырақтарының және жер бетіндегі тірек нүктелерінің жиынт ..

                                     

ⓘ Астрономиялық-геодезиялық тор

Астрономиялық-геодезиялық тор - орны астрономиялық-геодезиялық координаттар жүйесінде анықталатын аспан шырақтарының және жер бетіндегі тірек нүктелерінің жиынтығы. Торларды құру астрон. және геодезиялық әдістермен орындалады. Астрономиялық әдісте тірек нүктелерінің орнын аспан шырақтарын бағдарлау арқылы анықтайды; бұл әдісте нүктенің координаттары тәуелсіз анықталады, бірақ анықтау дәлдігі төмен болады. Геодезиялық әдісте тордың бастапқы нүктелерінің координаттарын астрон. әдіспен, қалған тірек торларының координаттарын жер бетіндегі геом. пішіндердің қабырғаларын және бұрыштарын өлшеу арқылы анықтайды. Тордың осылай құрылған сұлбасы өлшеу кезінде кететін қателердің жиналуына шек қояды және өлшеу процесіндегі бақылауды қамтамасыз етеді. А г. т. жазықтық және биіктік торларынан тұрады. Жазықтық тірек торлары триангуляция, полигонометрия және трилатерация әдістерімен, ал биіктік тірек торлары геометриялық, тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен жасалынады. Биіктік А г. т-ның басты пункті - Кронштадт футштогының нөлі.