ⓘ Астана, зираттар. Астана - ерте орта ғ-лардағы Идиқұт қаласы тұрғындарының зираттары. ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районындағы Тұрфан қ-нан оңт шығысқа қара ..

                                     

ⓘ Астана (зираттар)

Астана - ерте орта ғ-лардағы Идиқұт қаласы тұрғындарының зираттары. ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районындағы Тұрфан қ-нан оңт шығысқа қарай 40 км жердегі Астана және Қарақожа қыстағының жанында. Зират-қорымның оңт. жағында ежелгі Идиқұт қ-ның орны жатыр. А. қорымын ең алғаш 20 ғ-дың басында ағылшын археол. А.Стеин, ресейлік П.К. Козлов, неміс А. Фон. Лекок зерттеді. 1959 ж-дан бері қытай археологтары 13 рет қазба жұмысын жүргізіп, 400-ден астам зиратты ашып зерттеді. Ескерткіштер үш кезеңге бөлінеді: 1) б.з. 3-6 ғ. 2) 6 ғ-дың басы - 7 ғ-дың ортасы. 3) 7 ғ-дың ортасы - 8 ғ-дың ортасы. Мәйіттердің көпшілігі ағаш табыттармен жерленген. Кейбір қабірлердің қабырғаларына сурет салынған. Оның ішінде алуан түрлі әдемі жібек, мақта, жүн тоқыма бұйымдар, балшықтан және ағаштан ойылған мүсіндер, әсем фарфор ыдыстар, сәндік және діни-ғұрыптық заттар бар. Византияның, Қытайдың, Иран мен Орта Азияның, сондай-ақ көшпелілер мәдениетінің ескерткіштері де мол. Сонымен қатар қабірлерден жақсы сақталған жазба ескерткіштер - Қытай және Соғды әрпімен түрік тілінде қағазға және ағашқа жазылған мыңдаған жазбалар табылған. А. ескерткіштері Тұрфан алқабындағы жергілікті тұрғындардың жоғары дәрежеде дамыған материалдық және рухани мәдениетінің куәсі және Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың ерте орта ғ-лардағы мәдени байланыстарын зерттеуге мүмкіндік береді.