ⓘ Асқын салмақ - үдемелі қозғалып келе жатқан күрделі жүйенің жеке бөліктерінің бір-біріне жасайтын қысымы. Ауырлық күші мен оған қарсы бағытталған тірек арасында ..

                                     

ⓘ Асқын салмақ

Асқын салмақ - үдемелі қозғалып келе жатқан күрделі жүйенің жеке бөліктерінің бір-біріне жасайтын қысымы. Ауырлық күші мен оған қарсы бағытталған тірек арасындағы ықпалдасу әсерінен жер бетіндегі кез келген дененің жеке бөліктері арасында қысым күші пайда болады. Тірек ықпалы салдарынан денені жаныштайтын қысымды, біз салмақ ретінде сезінеміз. Еркін түсу үдеуінен артық үдеумен жоғары қарай тік қозғалып келе жатқан денеге тірек реакциясы тарапынан әсер ететін күш салмақ күшінен: F=mg=P есе артық болады. Осы күш әсерінен ғарышкердің денесінде, кеменің жеке бөліктерінде пайда болатын жаншылу жер бетінде қозғалмай тұрған ракета ішіндегі жаншылудан әлдеқайда артық. А. с. ғарышкер ағзасына салмақсыздықтан гөрі күштірек әсер етеді. Бірақ бұл құбылыс аз уақыт қана байқалады. А. с. күйіндегі ауыртпалықты жеңілдету үшін ғарышкерді арнаулы қондырғыға жатқызады. Сөйтіп, ғарышкердің өсіп кеткен салмағы - ол жатқан бетке біркелкі таралады әрі қан айналымы да елеулі өзгеріске ұшырамайды.