ⓘ Асыл мұра, телебағдарлама. Асыл мұра - айдарымен 1990-95 жылдары эфирден берілген хабар. Мақсаты - қазақ халқының шешендік, топ алдында сөз бастау, сөздің мазмұ ..

                                     

ⓘ Асыл мұра (телебағдарлама)

Асыл мұра - айдарымен 1990-95 жылдары эфирден берілген хабар. Мақсаты - қазақ халқының шешендік, топ алдында сөз бастау, сөздің мазмұның аңғару, сөз түсіну және аталы сөзге тоқтау өнерін бағамдау. Хабардын тақырыпты іздеу және тандау ауқымы кең болды.

Автор Түркістан қаласына барып, Ахмет Яссауи мазарыньң тарихы және қазақтың әулиелері мен дарынды тұлғалары жайында бірнеше телехабарлар дайындап көрермен назарына ұсынды. Облыстағы термешілермен кездесіп, олардын жинақтаған халық мұраларын теледидардар арқылы көрерменге жеткізді. Сол жылдары облыста Павлодар ашыла бастаған "Атамұра" мәдени орталықтарында ұйымдастырылған мәдени іс- шаралардан репортаждар, хабарлар көрермендер көзайымы болды. Хабардың авторы және жүргізушісі Наржан Паятов, режиссері - Жанна Тұяқова. Ұзақтығы - 30 мин.