ⓘ Асыл арман - өткен жылдар әндерін сүйіп тыңдайтын, сол арқылы жастық шағын еске алуға тырысатын көрермендерге арналған Хабар арнасындағы бағдарлама. 2003 жылы қ ..

                                     

ⓘ Асыл арман

Асыл арман - өткен жылдар әндерін сүйіп тыңдайтын, сол арқылы жастық шағын еске алуға тырысатын көрермендерге арналған "Хабар" арнасындағы бағдарлама. 2003 жылы қарашадағы кезекті санында кезінде әнімен де, сәнімен де жүректерді жаулаған эстрада әншісі А.Мақашевтің шығармашылығы туралы сыр шертілді. Жүргізушісі кезінде "Дос-Мұқасанда" өнер көрсеткен танымал артіс Бақытжан Жұмаділовтің өз кейіпкерлерінің өмірімен де, өнерімен де етене таныстығы байқалып тұрды. Әндердің арасын жалғайтын әңгімелерін оның кейде сахнада, кейде шымылдық сыртында, кейде жарық түсіруші аспапты, кейде телекамерамен бірлікте баяндауы да режиссерлік сәтті шешім. Алайда кейіпкер туралы толығырақ білгісі келетін көрермен үшін хабарда сол адамнын әріптестері, ізбасарлары, замандастары, тыңдармандары, тілеулестері тарапынан айтылатын қызықты естеліктерге орын берілмей келеді. Ондай жағдайда бағдарлама кейіпкерінің болмысы, бет-бейнесі экранда толығырақ ашыла түсер еді.