ⓘ Астарлау яки символ - троптың бір түрі. Бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, ..

                                     

ⓘ Астарлау яки символ

Астарлау яки символ - троптың бір түрі. Бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.

Мұның өзі - ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу қате символды символизмнен айыра білу керек; ең бастысы - символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат береді.