ⓘ Астрахань сиыры - Ресейдің оңтүстік-шығыс аудандарында және Қазақстанның батысында XVII ғасырдан бері өсірілетін сиыр тұқымының бірі. Етті көп береді, күш көліг ..

                                     

ⓘ Астрахань сиыры

Астрахань сиыры - Ресейдің оңтүстік-шығыс аудандарында және Қазақстанның батысында XVII ғасырдан бері өсірілетін сиыр тұқымының бірі. Етті көп береді, күш көлігі болып саналады, тірілей салмағы: сиыры - 400 - 670 кг, бұқасы 700 - 1050 кг. Сүттілігі - сауу маусымында 1 000 - 1 600 кг, кейбіреулері 3 600 кг сүт береді. Сүтінің майлылығы 4.2 - 5.5 процент.

                                     

1. Дереккөздер

  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы - 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев