ⓘ Астрахань газоконденсат кеніші. Астрахань газконденсат кеніші - Каспий маңы ойысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Астрахань қаласының солтүстік жағында 70 шақырым ..

                                     

ⓘ Астрахань газоконденсат кеніші

Астрахань газконденсат кеніші - Каспий маңы ойысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Астрахань қаласының солтүстік жағында 70 шақырым қашыктыкта орналасқан. Астрахань газконденсат кеніші дөңкүмбезінің шыңында жатқан шектелген ірі геологиялық тұзасты дөңесі.

Газконденсат шоғыры орта таскөмір жүйесінің башқұрт ярусының ізбестастарында жиналған; мұнай жинауышы кеуекті ұралардан құрылған. Олардың жалпы қалыңдығы 50-90 м. Ұңғымалардың өнімділігі тәулігіне 80 мыңнан 800 мың м 3 аралығында. Газдың құрамы % пайыз: көмірсутектер - 50-55; н 2 S - 22-24; С0 2 - 20-22; N 2 - 3-ға дейін. Газ жапсары 4000 м тереңдікте.