ⓘ Асқар Әлібекұлы Есіркегенов - Қазақтелеком АҚ бас коммерциялық директоры 1965 жылы 4 шілдеде Ақтөбе қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Есіркегенов Әлібек Сағымбайұ ..

                                     

ⓘ Асқар Әлібекұлы Есіркегенов

Асқар Әлібекұлы Есіркегенов - "Қазақтелеком" АҚ бас коммерциялық директоры 1965 жылы 4 шілдеде Ақтөбе қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Есіркегенов Әлібек Сағымбайұлы, зейнеткер. Анасы - Жұмағапиева Мәриям, зейнеткер. Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу электротехникалық байланыс институтының радиобайланыс және радио хабарларын тарату факультетін "Радиобайланыс және радио хабарларын тарату" ; Халықаралық бизнес академиясын "Корпоративтік менеджмент", ікерлік әкімшіліктік басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген. 3 куәліктің және 11 ғылыми жарияланымның авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1995 жылдан - Халықаралық қалааралық телефон стансасының бас маманы, президенттің көмекшісі; 1996 жылдан - бас директорының бірінші орынбасары; 1997 жылдан - "Алматытелеком" МТО Корпоративтік клиенттермен жұмыс орталығы бас директорының орынбасары - сатылымдар жөніндегі директоры; атқарушы директоры - бастығы; 2000 жылдан - "Қазақтелеком" ААҚ корпоративтік сатылымдар дирекциясының бас директоры; 2004 жылдан - Модернизация және даму департаментінің директоры; 2005 жылдан - техникалық дамыту жөніндегі атқарушы директоры - Модернизация және даму департаментінің директоры. 2007 жылдың наурызынан бері - "Қазақтелеком" АҚ бас коммерциялық директоры. "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медалімен, "Қазақтелеком" АҚ "Істі шығармашылықпен атқарғаны үшін" номинациясында "Жылдың үздік қызметкері" корпоративтік жүлдесімен марапатталған.