ⓘ Ат омыраулату ойыны кең жазықта өтеді. Ойынға әзірлік күнілгері жүргізіледі. Ойынға аттар да, жігіттер де жаттығуы тиіс. Ойын басталардан бұрын ортадан кең шеңб ..

                                     

ⓘ Ат омыраулату

"Ат омыраулату" ойыны кең жазықта өтеді. Ойынға әзірлік күнілгері жүргізіледі. Ойынға аттар да, жігіттер де жаттығуы тиіс. Ойын басталардан бұрын ортадан кең шеңбер сызылады. Сонан соң ойынға қатынасушы аттардың барлығы шеңбердің ортасына жиналады. Ойын жүргізушінің белгісімен ойыншылар шеңбер ішінен бірін-бірі ығыстырып шығара бастайды. Ығыстырғанда, тек аттар ғана сүйкеніседі, қолдарымен біріне-бірі тиісуіне, соқтығуына, итеруіне болмайды. Ойын шеңбердің ішінде бір адам қалғанша жалғаса береді. Ойын үстіне шеңбер сызығынан кімнің атының артқы екі аяғы өтсе болды, ойыннан шыққанға есеп.