ⓘ Астарлық, латенттік -құрылымдық талдау. Астарлық -құрылымдық талдау - белгілі бір көріністерді зерттеп, өңдеу арқылы белгісіз құбылыстың ерекшеліктерін табу әді ..

                                     

ⓘ Астарлық (латенттік)-құрылымдық талдау

Астарлық -құрылымдық талдау - белгілі бір көріністерді зерттеп, өңдеу арқылы белгісіз құбылыстың ерекшеліктерін табу әдісі. Әлеуметтанулық зерттеу кезінде респонденттердің берген бір топ жауаптарын, іс-әрекеттерін немесе мінез-құлыктармен тіркеп, оларды статистикалық тұрғыдан таңдап, солардың негізінде бірден аңғарылмайтын, көрінбейтін, белгісіз себептерді тұспалдап, шамалап табу. Мұндай зерттеуде көбіне тесттік зерттеу кұралдары қолданылады. Бұл тәсілді АҚШ әлеуметтанушысы Г.Лазарефельд ұсынған.

Астарлық латенттік-құрылымдық талдауды жүзеге асырудын реті:

  • біріктірілген мән мен зерттелгелі отырған белгісіз құбылыстардың арасында маңызды байланыстар бар деп белгіленеді. Астарлық латенттік-құрылымдық талдаудың күрделілігіне, қолданылатын математикалық өлшеулердің көлемділігіне байланысты ЭЕМ кеңінен қолданылады. Бұл әдіс әлеуметтануда әзірге кең пайдаланылған жоқ.
  • зерттелгелі отырған әлеуметтік көріністерге қатысы бар ғылыми теорияларды, деректерді жинақтап, талдап бір жүйеге келтіру керек. Бұл әлеуметтік белгісіз құбылыстың ықтимал үлгісін ойша жасауға, елестетуге мүмкіндік береді;
  • белгілі және белгісіз құбылыстардың араларында байланыстар бар екендігін көрсететін болжам дәлелдер жасалады. Бұл байланыстардың өзара қатынастарын шамалайтын есептік қатынас көрсеткіштердің индекстердің формулаларын құрып, олардың көмегімен әлеуметтік құбылыстардың белгілі жақтарын біртектендіруге, топтастыруға, олардың мәнін біріктіруге болады;