ⓘ Асқар Жұмабайұлы Шоманов. 1969 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Шоманов Жұмабай Шоманұлы, зейнеткер, ЖОО оқытушы болған. Анасы - Қайыр ..

                                     

ⓘ Асқар Жұмабайұлы Шоманов

Асқар Жұмабайұлы Шоманов. 1969 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Шоманов Жұмабай Шоманұлы, зейнеткер, ЖОО оқытушы болған. Анасы - Қайырбаева Күләш Марданқызы, зейнеткер, ЖОО оқытушы болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін, философ, философия пәнінің оқытушысы; Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты. Доцент. 80 жуық газет мақалалар мен 30 ғылыми жарияланымдардың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. "Нұр Отан" ХДП мүшесі. 1995 жылдың қазан айынан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің философия және ғылым әдістемесі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент қызметін атқарушысы. 1999 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі. 2002 жылдың наурыз айынан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер Институты директорының бірінші орынбасары 2005 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Тұңғыш Президент Қорының жанындағы Әлем экономикасы және саясат институты директорының бірінші орынбасары. 2007 жылдың наурыз айынан- ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық талдау орталығының меңгерушісі. 2008 жылдың ақпан айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің стратегиялық зерттеулер лер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары 2009 жылдың қазан айынан бері - ҚР Мемлекеттік қызмет ісі агенттігі төрағасының орынбасары. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы" медапьдарымен марапатталған. Суйіп оқитын әдебиеті - тарихи және биографиялық әдебиет.