ⓘ Атамұра көшесі, Астана. Атамұра көшесі - Бұрынғы атауы Хлебоприемный көшесі. Промышленный тұрғын алабы. Атамұра көшесі Шарбақты көшесінен басталып, Шалгөде көше ..

                                     

ⓘ Атамұра көшесі (Астана)

Атамұра көшесі - Бұрынғы атауы Хлебоприемный көшесі. "Промышленный" тұрғын алабы. Атамұра көшесі Шарбақты көшесінен басталып, Шалгөде көшесімен қиылысып, Құлагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 1268.3 м. Атамұра - әкеден балаға мал-мүлік, жер, қазына, байлық ретінде бөліп берген еншісі. Қазақ қауымында ерте заманнан қалыптасқан бүл дәстүр Қасым хан мен Есім хан дәуірінде ресми заң ережесімен бекітілген. Мал-мүлікті бөлу кезінде әке өсиеті ескеріледі. Ұлт мәдениеті мен дәстүріне қатысты мүліктер де қымбат мұра ретінде қастерлен еді.