ⓘ Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңды түсіндіру. Периодтық жүйе периодтық заңның құрылымдық кескіні. Ол 7 периодтан 8 топтан тұратын кесте. Периодтар үлкен ж ..

                                     

ⓘ Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңды түсіндіру

Периодтық жүйе периодтық заңның құрылымдық кескіні. Ол 7 периодтан 8 топтан тұратын кесте. Периодтар үлкен және кіші болып бөлінеді. Алғашқы үш период кіші периодтар, олар бір қатардан ғана тұрады, ал үлкен периодтар екі қатардан тұрады.

Бір периодта орналасқан элементтердің энергетикалық деңгейлерінің саны бірдей болғанымен, олардың ядро зарядтарының артуына байланысты ядроның электронды тарту күші артады, сондықтан атом радиустары солдан оңға карай кемиді.

Периодтарда солдан оңға қарай сыртқы қабаттағы электрондар саны біртіндеп артады, бұл металдық қасиеттің біртіндеп әлсіреп, бейметалдық қасиеттің артуына әкеп соғады.

Металдардың сыртқы қабаттарында электрондар саны аз болады, сондықтан олар электрондарын беруге бейім келеді. Ал бейметалдардың сыртқы энергетикалық деңгейлері аяқталуға жақын, сондықтан олар аяқталуға жетпеген электрондарды қосып алуға бейім келеді.

Олардың сутекті қосылыстарындағы валенттіліктері қанша электрон қосып алғандығымен анықталады.

Бір топта орналасқан элементтердің валенттілік электрондарының саны бірдей болады. Негізгі топша элементтерінің валенттілік электрондары сыртқы энергетикалық деңгейде орналасса, қосымша топша элементтерінікі сыртқы және одан кейінгі деңгейлерде орналасады.

Бір топтың элементтерінің қосылыстарындағы жоғары валенттіліктері бірдей болады. Қосымша топша элементтерінің барлығы металдар, олардың көпшілігінің сыртқы қабаттарында екі электрондары бар, сол себепті олардың төменгі валенттіліктері екі, ал жоғарғы валенттілігі топтың нөміріне сәйкес келетін айнымалы валенттілік көрсететін элементтер.

Топ бойынша негізгі топшада жоғарыдан төмен қарай атом радиусы өседі, себебі энергетикалық деңгейлер саны артады. Сондықтан соңғы деңгейдегі электрондарды бөліп алуға жұмсалатын энергияның шамасы азаяды, бұл металдық қасиеттің артуына әкеліп соғады.

Қорытынды:

Элементтердің, олардың жай және күрделі қосылыстарының қасиеттерінің өзгеруі элемент атомдарының электрондық құрылысының периодты өзгеруіне байланысты болады.