ⓘ Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов 1975 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Қазақ. Қазақ мемлекеттік заң университетін 1997 заңгер мамандығы бойынша; Халықаралы ..

                                     

ⓘ Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов

Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов 1975 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Қазақ мемлекеттік заң университетін 1997 заңгер мамандығы бойынша; Халықаралық мамандықтар институтын 2007 экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.

1992 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң университетінің студенті. 1997жылдан - Алматы қаласыТүркісіб аудандық прокурорының көмекшісі. 1999 жылдың ақпанынан - Алматы облыстық Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінде бас маман - кеңес беруші, 1999 жылдың наурызынан - бас маман - бөлім бастығының көмекшісі, 1999 жылдың сәуірінен - бөлімнің бас маманы. 2000 жылдан - Алматы қаласы Әуезов аудандық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі. 2003 жылдан - "Талдықорған сусындары" ЖШС директоры. 2006 жылдан - "КМГ-Апатау" ЖШС бас заңгері Алматы қ. 2007 жылдан - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және шарттар мониторингі департаментінің аға заң кеңесшісі Астана қ. 2008 жылдан - "Газпром нефть - Казахстан" ЖШС филиалының заң кеңесшісі Астана қ. 2008 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің кадрлық және ұйымдастыру жұмысы басқармасы бастығының м.а., басқарма бастығы Астана қ. 2009 жылдың шілдесінен - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас кеңес берушісі, 2009 жылдың желтоқсанынан - бас инспекторы. 2010 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі.

Діни көзқарасы -мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - "Ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің тұрақты үлгісі, әлем елдерінің геосаяси мойындауы".

Хоббиі - ат спорты, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, дүние жүзі тарихы туралы кітаптар. Үйленген.Жұбайы -БолтаеваАрнаЖанатқызы 1978 ж. т.