ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 42

Балалардың бос уақыты

Балалардың бос уақыты - міндетті қызметтен бос уақыт. Бос уақытын ойынға, кітап оқуға, еңбекке, спортқа, өнерге, техникаға пайдаланып, бала ой-өрісі, денесі және ізгі ниеттілік жағынан дамиды.

Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі

Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі - өзін-өзі, өз киімін, заттарын, тұратын орнын гигиеналық күтуді қамтитын тұрмыстық еңбек түрі. Балаларды еңбекке баулу Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету басталады.

Балаларға арналған хабарлар

Балаларға арналған хабарлар – Алматы телестудиясында 1960 жылы бастау алды. Ол тұста арнайы редакция болмағанымен, мектеп оқушыларын қатыстыру, концерттік программалар арқылы балаларға арналған хабарлар беріліп тұрды. Мұның өзі бірте-бірте өз алд ...

Балалық шақ – өткен өлке

"Балалық шақ – өткен өлке" -"Қазақ телефильм" студиясының түрлі түсті, 3 бөлімді, орыс тіліндегі деректі көріністік фильмі. Онда Алатау қойнауындағы Жоңғар қорығының өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі жайында бейне баян жасалады. Режиссер – И ...

Балалықтың құт мекені

"Балалықтың құт мекені" – "Қазақтелефильм" студиясының түрлі-түсті, 3 бөлімді, қазақ-орыс-ұйғыр тілдеріндегі деректі фильмі. Азамат соғысының ардагері Ахмет Толхабиев пен Батыр-Ана Ханшайым Ахметованың көп балалы отбасы жайлы фильм. Апаның ағынан ...

Балама маршрут

Балама маршрут - есептеу желілерінде - негізгі бағдар істен шыққан кезде мәліметтерді тағайындалған орынға жеткізуге пайдаланылатын маршрут; операциялық жүйеде - егер файл ағымдағы каталогтан табылмаса, онда оны іздестіретін бағдар.

Баламайсан

Баламайсан - күйші. Баламайсанның" Мұңды қыз”," Науаи”," Кербез Ақжелең”," Қыз Ақжелең”," Айда қылаң Ақжелең”," Сипай сал Ақжелең”," Ілме Ақжелең”," Салауат”, т.б. күйлері болған. Баламайсан күйлерін бізге жеткізушінің бірі - домбырашы М. Құсайын ...

Баламалы жиын

Баламалы жиын - басқа жиынмен өзара біржақты сәйкестігі бар жиын, яғни бірінші жиынның әрбір элементіне екінші жиынның тек бір ғана элементі салыстырылған және керісінше жиын.

Баламалы түрлендіру

Баламалы түрлендіру - берілген объектілерден баламалы объектілер жасау. Түрлендіру объектілеріне алгоритмдер, өрнектер, бағдарламалар, модельдер, схемалар, кодтар, мәліметтер жатады.

Баланда

Баланда - бұл сәздің төрт мәні бар: 1. Баланда - лебеда және қызылша жапырақтары ботвинья дайындауда қолданылады. 2. Баланда - квас немесе қияр тұздығы қосылған картой езбесі. 3. Баланда - сұйық сорпа. 4. Баланда - жазғы көже: сүтте қайнатылған л ...

Баланс немесе тепе-теңдік принципі

Баланс немесе тепе-теңдік принципі – көтерілген мәселеге қатысты, ақтау немесе даттау пікірлерін қатар беріп, айқастырып қою емес. Сол мәселеге қатысты сарапшылардың бірін-бірі толықтырып, назарға ілікпей қалған жерлеріне көңіл аударуы. Ондай сар ...

Балансир

Балансир - - машиналарда күй жүктемесін беруге арналған осы жанында тербеліс қозғалысымен екі шықты иінтірек. теңгергіш, механизмде қисықты теңгергіш иінтірек өлшеу аспаптарында қолданылады.

Балансты ақпарат

Балансты ақпарат – жағымсыз ақпаратты орнымен жеткізу үшін қажетті фактілерді қолдану. Кейде фактілер қарсы қойылады, оларды жағымды мақсаттар үшін пайдалануға болады. Бірінші – уақытша, оқиғалы байланыс, екінші – ассоциативті ойға байланыстыру, ...

Баланстық әдістер

Баланстық әдістер - географияда - геожүйелердің дамуын заттардың, энергияның және тағы да басқалары кірісі мен шығысын салыстыру аркылы зерттеуге және болжауға мүмкіндік беретін әдістердің жиынтығы. Баланстық әдістердің негізіне жүйе ауқымында ре ...

Баланың мектепке дайындығы

Баланың мектепке дайындығы - кұрамына тұлғалық және интеллектуалдық дайындық, сондай-ақ көру-моторлық координациясы дамуының жеткілікті деңгейі кіретін кешенді ұғым. Тұлғалык дайындық - оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бар болуы, сыртқы әлемге таны ...

Балапан (ауыл)

Басқа мағыналар үшін Балапан деген бетті қараңыз. Балапан - Башқұртстанның Зилайыр ауданындағы ауыл, Матраев ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 120 адамды құрады. Пошта индексі - 453694, ОКАТО коды - 80227825002.

Балапан қаз

"Балапан қаз" әні туралы жалғыз ғана дерек Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты Пугачев ауылының тұрғыны, домбырашы Қилыбаев Арғынбек ақсақалдан жеткен. Арекеңнің айтуында "Балапан қаз" әнін Найман еліне келін болып түскен керей қызы ...

Балапаш Әнесов

Әнесов Балапаш – музыка аспаптарын жасаушы шебер. Жас кезінен өнермен айналысып, музыкалық аспаптар жасауды үйренген. Ол үскірік, қамыс сырнай, т.б. музыкалық аспаптар жасап, өзі сол аспаптарды құйқылжыта ойнай білген. Әнесов жез, темірден, ағашт ...

Балаубек Құндақбаев

Балаубек Құндақбаев, Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске, Ұлы Октябрь Социалистік революциясы мен Азамат соғысына қатысушы, партия, кеңес, кәсіподақ қызметкері, Қарағанды бассейнінің іргесін қалаушылардың бірі.

Балауыз мүсіндерінен жасалынған голливуд муражайы

Балауыз мүсіндерінен жасалынған голливуд муражайы – мұражай. Мұражайдан Мэрилин Монро, Кларк Гейбл, Пол Ньюман, Гэри Купер және т.б. көптеген атақты кино жұлдыздардың бейнесін тамашалауға болады. Бұл жерде қорқынышты зал, "Қараңғылық құпиясы" көр ...

Балашбек Шағырұлы

Еңбек жолын Тереңөзектегі №35 мектепте мүғалім болудан бастаған. Аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы аудандық газетте жауапты хатшы, облыстық радионың аудандық бөлімшесінде апты редактор қызметінде болды. Қазір мектепте мұғалім.

Балақұлболды

Балақұлболды - қола дәуірінің орта және соңғы кезеңінен сақталған зираттар. Қарағанды облысы Қарқаралы тауының батысында орналасқан. 1969 жылы Ә. Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археология экспедициясы 20-ға тарта объектіні қазған. Балақұ ...

Балбырауын көшесі (Астана)

Басқа мағыналар үшін Балбырауын деген бетті қараңыз. Балбырауын көшесі - Астана қаласындағы көше. Бұрынғы атауы – №60 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы оң жақ. Балбырауын көшесі Б.Момышұлы даңғылынан басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Қарқаба ...

Балдырлық жалбырлар

Балдырлық жалбырлар. Бір немесе бірнеше балдырлардың тіршілік әрекеті нәтижесінде қалыптасқан дөңгелек пішінді карбонатты сорындылар. Көкжасыл және қанқызыл балдырлар есебінен қалыптасады. Саяз сулы алаптарға тән.

Балжан Ибатқызы Досмұхамбетова

Балжан Ибатқызы Досмұхамбетова - 1964 жылы 8 шілдеде Гурьев қаласында туған. қазақаласы Әкесі - Досмұхамбетов Ибат, зейнеткер, Солтүстік Ембі газ барлау экспедициясының бас бухгалтері болған. Анасы - Досмұхамбетова Рысқаным, саудада жұмыс істеген ...

Балкан

Балкан - Башқұртстанның Әлшеев ауданындағы ауыл, Әбдрашит ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 41 адамды құрады. Пошта индексі - 452119, ОКАТО коды - 80202804003.

Баллистикалық гальванометр

Баллистикалық гальванометр - қозғалушы бөліктің салыстырмалы түрде үлкен инерция моменті бар; токтың қысқа уақыттық импульсында электрдің аз мөлшерін өлшеуге қолданылады.

Баллистикаға қарсы жүйе

Баллистикаға қарсы жүйе) - стратегиялық баллистикалық ракеталарды ұшу жолында ұстау үшін қолданылатын қорғаныс жүйесі.

Балмағамбетов Исатай

Балмағамбетов Исатай – журналист. ҚазМУ-ді бітірген 1983. Облыстық "Атырау" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, "Лениншіл жас" газетінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша меншікті тілшісі, тәуелсіз "Ақ Жайық" газеті редакторының ...

Балнұр Есмұхамбетқызы Асанова

Балнұр Есмұхамбетқызы Асанова 1969 жылы 8 шілдеде РКФСР Мәскеу қаласында туған.Қазақ. Әкесі-Асанов Есмұхамбет Қалдарұлы 1944-1997, әскери болған. Анасы - Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы, "Сымбат" сән академиясының президенті, техника ғылымдарыныңд ...

Балсура

Балсура - ежелгі Қытай мемлекеті. Абай мазмұнын "Мың бір түн" ертегілерінен алып жазған "Әзім әңгімесі" деген дастанында кейіпкері Мұстапаның Балсураға келгенін айтады. Ақын бүл атауды да сол ертегіден алған болуы керек.

Балта (ауыл)

Балта - Башқұртстанның Туймазин ауданындағы ауыл, Карамалы-Губеев ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 341 адамды құрады. Пошта индексі - 452789, ОКАТО коды - 80251830002.

Балта палуан

Балта палуан – атақты палуанның бірі. Ата тегі Адайдың Мұңал бөлімінен Әли болып тарайды. Талай дүбірлі ас, тойларда күреске түсіп, бас бәйгелерді жеңіп алған. Халық арасында есімі көп айтылады.

Балта Танашұлы

Балта Танашұлы - 14 ғасырда өмір сүрген сардар, батыр. Балта өз ауылдастарымен қазіргі Омбы қаласы маңындағы" Керей тоғайы” деген өңірді мекендеген. Көп жылдар бойы Алтын Орда хандарының әскербасы болған. Балта мен оның ағасы Балға батыр Әмір Тем ...

Балтабай Мұқанұлы Қуанышев

Балтабай Мұқанұлы Қуанышев 1956 жылдың 11 қаңтарында Гурьев қаласында дүниеге келді. 1978 жылы И.М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай жене газ униворсинің "мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Гурьев облысынд ...

Балтабай Уажитұлы Мекежанов

Балтабай Уажитұлы Мекежанов - белгілі дінтанушы ғалым. 1990 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеттінің араб бөлімін бітірген. Университетте оқып жүріп 1988-89 ж. Үрдін Хашимиттік Корольдігінің Айман университетінд ...

Балтабай Әбдіраманов

Балтабай Әбдіраманов, Әуезовтің кейіпкері. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы "Созақ" кеншарын 30-40 жылдай басқарған. М. Әуезовке "Өскен өркен" романына енген біраз мағлұмат, деректер берген. Ол туралы ұлы жазушы "Оңтүстік сапарынан" ...

Балтабек Асанов

Балтабек Асанов - журналист, публицист. Павлодар ауданы содан соң облысында "колхоз" газетінің бірінші басшыларының бірі. Челябі облысы "Магнитагорский рабочий" газетінің редакторы. 1943 жылы республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің редакт ...

Балтабек қажы кесенесі

Балтабек қажы кесенесі - 20 ғасырдың басынан сақталған сәулет өнері ескерткіші. 1920 жылы Кеңес органдарының үкімімен атылған. Кесене негізі қасбетінде күрекше тәрізді, негіз бен күмбез арасындағы белдеу жұқа тақтаймен бөлінген, кіретін ойықтың ж ...

Балтакөл орамы (Астана)

Балтакөл орамы - бұрынғы атауы Узкий қысқа көшесі. Балтакөл орамы М.Шолохов көшесінен басталады. Ұзындығы - 121.6 м. Балтакөл - көл, елді мекен аты. Балта - көне түркіше "тас", ал Балтакөл - "тастақ көл", "түбі тасты көл" мағынасындағы атаұлар.

Балталы көшесі (Астана)

Балталы көшесі - бұрынғы атауы – №64 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Балталы көшесі Майқайың көшесінен басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Шертер көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 347.1 м.

Балтақай Толғамбаев

Балтақай Толғамбаев, жазушының досы. Әуезовпен жас кезінен таныс, ауылдары көрші болған. 1919 ж. жаз айында ақ гвардияшылар мен қызыл әскерлер казак ауылдарын кезек-кезек қырғынга ұшыратып, күйзелткен тұста Әуезов елді орынсыз қырғыннан кұткару ү ...

Балтыр

Қазіргі тілімізде - адам жіліншегінің сыртқы етті жерін осылай атаймыз: "Бұлшық етті білек пен балтырдан күшті дене жоқ". Әдетте адам сирағының тізеге жақын жері еттірек болғандықтан жуандау келеді. Оның "балтыр" атауына ие болуы да толық, жуанды ...

Балтырлық

Балтырлық - жауынгердің балтырын қорғайтын жарақ түрі. Сауыт пен шалбарша кигенде тізеден төмен қорғаусыз қалатындықтан, балтырға арнайы қалың былғары астарға жұқа металл таспаларды көбелеп, қайыспен тігіп не темір шегелермен бекітіп жасаған балт ...

Балтық қырқасы

Балтық қырқасы, Балт қырқасы - Балтық теңізінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалауын бойлай созылып жатқан қыратты-төбелі жер бедері. Қырқаның абсолют биіктіг 200 - 300 метрден аспайды. Плейстоцендік мұз басу кезеңінде құм, тас шөгінділерінен т ...

Балтықтану

Балтықтану - балтық тілдерін, балтық тілді халықтардың материалдық, рухани мәдениетін зерттеу. Олардың зерттелуі 17 ғасырдан басталады, сол кезде практикалық мақсатта алғашқы сөздіктер, грамматикалар пайда болған. 19 ғасыр ортасынан бастап Р. К. ...

Балшықты жанартау

Балшықты жанартау - жалпақ конус пішінді, толығымен немесе беткі і жағы ғана тобелік түзілімдерден түратын I үлкен төбе. Төбесінде шүңғыл торізді кратері бар, ол тереңге қарай канал болып кетеді де, одан мезгіл-мезгіл немесе үздік- сіз газ бен су ...

Балшықты жанартаулар газы

Балшықты жанартаулар газы. Балшықты жанартауларға тиесілі газ белгілерін құрайтын табиғи газ. Бұл газдар балшықты жанартаудың ең басты энергия көзі болып табылады. Балшықты жанартаулардың ең күшті әрекеттері кезінде осы жанартау газдарының дебиті ...

Балыклы

Балыклы - Башқұртстанның Федор ауданындағы ауыл, Балыклин ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 754 адамды құрады. Пошта индексі - 453296, ОКАТО коды - 80254810001.

Балышлы

Балышлы - Башқұртстанның Благовар ауданындағы ауыл, Балышлин ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 556 адамды құрады. Пошта индексі - 452732, ОКАТО коды - 80214807001.