ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 319

Шығым (дебит)

Шығым - табиғи немесе жасанды бастаудан белгілі уақыт бірлігінің ішінде келіп құйылатын мұнайдың немесе газдың көлемі. Секундына, сағатына, тәулігіне л, м3, т бірліктерімен өлшенеді. Таужыныстың мұнай, газ қатйарымына, қорының шамасына, ұңғыма ди ...

Шығын лимиті

Шығын лимиті - 1) Бірлестіктерге белгілі бір кезенде жауынгерлік және саяси дайындығын қамтамасыз ету үшін немесе операцияға ұрысқа жұмсау үшін болмаса жекеленген шараларды өткізу үшін бөлінетін материалдық құралдардың шектелген мөлшері. Шығын ли ...

Шығындану алқабы

Шығындану алқабы. Сулы қойнауқаттан жерасты суларының шығындануы жүзеге асатын жер бетінің бөлігі немесе жер қойнауындағы белдем.

Шығынқы баспа

Шығынқы баспа, баспаханалық баспа – мәтін мен суретті көбейтіп басатын негізгі полиграфиялық тәсілдердің бірі. Мұнда баспа пішінінің таңба түсіретін элементі мен ашық орындары әр түрлі биіктікте орналасады. Шығынқы баспа пішінінің барлық таңба тү ...

Шығыс Іле шөгінді алабы

Шығыс Іле шөгінді алабы - Қазақстанның оңтүстік-шығысындагы жоғарғы палеозой-мезозой-кайнозойдың көмірлі және үміттенерліктей мұнайлы-газды терригендік шөгінділерінен құралған тауаралық ойыс. Құрылымдық бітімі жағынан Шығыс Іле және Батыс Іле ала ...

Шығыс бөлік

Шығыс Бөлік – Кіші жүздегі хандық билік жойылғаннан кейін құрылған әкімшілік аймақ. Құрамына Кіші жүздің, негізінен әлімұлы тайпасының рулары мекендеген жерлер мен Сырдарияның төмендегі саласындағы қазақ рулары кірді. Шығыс Бөліктің Орта жүзбен ш ...

Шығыс Гат

Шығыс Гат, Шығыс Гхат – Үндістан түбегіндегі Декан таулы үстіртінің шығысындағы тау жотасы. Биіктігі 1680 м-ге дейін. Шығыс Гат жотасы негізінен гнейс, кристалды тақтатас және кварциттен түзілген. Биіктігі орташа, төбелері жазық, шойтасты, жекеле ...

Шығыс герман тілдері

Шығыс герман тілдері - герман тілдерінің ішіндегі қазір сөйленбейтін тілдер шоғыры. Жазба ескерткіштері сақталған жалғыз шығыс герман тілі - гот тілі, басқа тілдердің осы шығыс герман тілдерінің тармағына жататындығы тек жорамал ғана. Ол тілдер: ...

Шығыс Гренландия ағысы

Шығыс Гренландия ағысы – Солтүстік Мұзды мұхиттағы суық беткі ағыс. Әрекет ету аймағы – Гренландияның шығыс жағалауы. Бүкіл жыл бойына арктикалық алаптың мұзын, жаз айларында мұзтауларды алып жүреді. Гренландия жағалауындағы су температурасы 0°С- ...

Шығыс Еуропа платформасы

Шығыс Еуропа платформасы, Орыс платформасы, Еуропа платформасы – көне платформалар қатарына жататын, жер қыртысының біршама нығайған аса ірі бөліктерінің бірі. Ол Скандинавия тауларынан Оралға, Баренц теңізінен Қара және Каспий теңіздеріне дейінг ...

Шығыс клубы

Шығыс клубы – мұсылман зиялыларының қоғамдық бірлестігі. 1907 ж. 1 желтоқсанда Қазан қаласында мұсылман зиялыларының ресми бірлестігі ретінде құрылды. Шығыс клубы өз мүшелері мен қонақтар үшін түрлі музыкалық және әдеби кештер, сахналық қойылымда ...

Шығыс Көкшетау Синклинорийі

Шығыс Көкшетау Синклинорийі, Степняк синклинорийі – Сарыарқаның солтүстігіндегі каледондық геологиялық қатпарлы құрылым. Ақмола облысының аумағында орналасқан. Ол Көкшетау антиклинорийінің шығыс және оңтүстік-шығыс қанатын көмкерген. Бойлыққа жуы ...

Шығыс Мұғалжар антиклинорийі

Шығыс Мұғалжар антиклинорийі – Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан аса ірі геологиялық құрылым. Ол батысында Магнитогор антиклинорийінің оңтүстік бөлігімен, шығысында Ырғыз синклинорийімен шектелген. Жоғарғы протерозой және төменгі палеозой т ...

Шығыс Понтий таулары

Шығыс Понтий таулары – Түркияның солтүстігіндегі тау-жоталар жүйесі, Понтий тауларының шығыс бөлігі. Қара теңіз жағасына параллель, батысында Мелет, шығысында Чорух өзендері аралығында созыла орналасқан. Гиресун, Гюмюшане, Зигана, Трабзон және Ла ...

Шығыс Түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты 603 жылы ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті. Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулан ...

Шығыс Түркістан Республикасы

Шығыс Түркістан Республикасы, ШТР – Шыңжаң өлкесінде құрылған мемлекеттік құрылым. 1944 жылдың 12 қарашасынан 1946 жылдың 6 маусымы аралығында өмір сүрді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес-герман майданындағы жағдайға байланысты 1941 – 1944 ж. ...

Шығыс Түркістан халықтарының Маньчжур-Қытай үстемдігіне қарсы күресі

Шығыс Түркістан халықтарының Маньчжур-Қытай үстемдігіне қарсы күресы, 19 ғасырдың бас кезінен 60 – 70-жылдарға дейін созылды. Бұл көтерілістердің негізгі себептеріне отарлық езгінің күшейе бастауын, ауыр алым-салықтар мен отарлық өкімет орындары ...

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасы 24.05.1994 жылы ашылды. Кафедра меңгерушісі: филология ғылымының кандидаты доцент Ж. А. Шайдарманқызы. Кафедра университет бойынша мемлекеттік тілді дамыту саласында жән ...

Шығыс Қазақстан облысындағы археологиялық ескерткіштер

Сартымбет. Айыртау маңындағы Сартымбет ауылының жанындағы Монастрь таулары деп жаңсақ атап жүрген ескерткіш жер қойнауынан шыққан тастың тектоникалық қозғалыстың ықпалынан екі блокқа бөлініп, эрозиялық үрдістерге ұшырап, айтарлықтай бүлінген және ...

Шығыс Қарахан қағандығы

Шығыс Қарахан қағандығы – ортағасырлық мемлекет. Жетісу мен Шығыс Түркістан аумағын қамтыды. Жеке иеліктер жүйесіне негізделген Қарахан мемлекеті батыс және шығыс бөліктерден құралды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс, Мауераннахр батыс иеліктерді ...

Шығыңқы басу

Шығыңқы басу - негізгі басу түрлерінің бірі. Мұнда басылым басу элементтері шығыңқы орналасқан формадан алынады. Кітап, журнал, газет басуда қолданылады.

Шың

Шың - тау жотасының, массивінің немесе жеке тау басының ең биік жері. Көбіне өсімдіксіз жалаңаш болады және маңына көп жылдық қар және мұз шоғырланады. Мысалы, дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгманың Эверест биіктігі 8848 м, Қазақстанның ең ...

Шыңжаңдағы ақтар қозғалысы

Шыңжаңдағы ақтар қозғалысы Кеңес өкіметіне қарсы бағытталды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметін мойындағысы келмеген адамдар өз отанынан тыс жерлерге көше бастады. Олардың бір тобы Ресей империясының шет ел елшіліктерінд ...

Шыңтас орамы (Астана)

Шыңтас орамы - бұрынғы атауы Ф.Кровогуз қысқа көшесі. Шыңтас орамы Ф.Кривогуз көшесінен басталып, Қарасай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 936.2 м. Шыңтас - Талдықорған облысындағы жер атауы.

Шыңырау

Шыңырау - Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарыңда ауыз су және мал суаратын су алу үшін қазылатын өте терең құдық. Бұрын көшпенді қазақтар жиі пайдаланған. Шыңырау құдық жер бетінен бастап 15-20 метр тереңдіктегі құдық. Шыңыраудан су шығару үші ...

Шыңғырлау көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы Луговой көшесі. Шыңғырлау көшесі Қошке Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Гұлдала орамымен қиылысады. Ұзындығы - 312.7 м. Шынғырлау - Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облысының Шынғырлау, Бөрілі аұдандары аумағында. Ұзындығы - 29 ...

Шыңғыстау көшесі (Алматы)

Шыңғыстау көшесі - Көшеге Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасының атауы берілген. Көше Алатау ауданындағы "Айгерім-2" шағынауданында орналасқан. Көшенін ұзындығы - 750 метр.

Шыңғыстау көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы Теміржолшылар кенті көшесі. Шыңғыстау көшесі Нұрғиса Тілендиев даңғылынан басталады. Ұзындығы - 703.8 м. Шыңғыстау - Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында орналасқан. Шың ...

Шэнси

"Шэнси" – ауыл шаруашылық кәсіпорны, өндірістік кооператив. Қордай ауданындағы Сортөбе ауылында орналасқан. Облыс бойынша тұңғыш рет күн жылыжайларын қолдана бастаған шаруашылық. Астық, көкөніс, саңырауқұлақ өсіреді. 38 күн жылыжайлары бар. Ауыл ...

Шүйілу

Шүйілу – ұшақтың тұрақты бұрышты траекториямен төмен құлдилауды орындайтын пилотаждық фигурасы. 30 градусқа дейінгі бұрышпен шүйілу – көлбеу, 30 градустан жоғары болса – құламалы, 90 градусқа жақын шамада – тік деп аталады. Шүйілу әуе ұрысында, б ...

Шүйгін

Шүйгін, қазіргі түсінігімізде, - құнарлы шөбі, суы мол, шұрайлы жер. "Бүкіл жаз бойы мал аяғы тимеген қыстау төңірегінің шөбі шүйгін". Бүгінгі күні "шүйгін" сөзі тек шөптің құнарлылығына байланысты ғана айтылатын болса, көне түркі тілінде өзгешел ...

Шүйке

Шүйке – есуге, иіруге алдын ала дайындалған жүн шумағы. Ол ұзындығы бір қарысқа жуық таяққа не басқа затқа созыла жинастырылған мал жүнінің жіптік топтамасы. Иіруге арналған шүйкені жіңішке етіп созады да, ұршық мұрындығына іліндіреді, сонда жіпт ...

Шүкіршілік

Шүкіршілік – адамның барды қанағат тұтып, жаратылыс хикметінен ғибрат алып, тәубаға келуі. Шүкіршілік адамның рухани кемелденуімен ұлғайып, адамшылық келбетін айқындай түсетін қасиет. Шүкіршілік барға қанағат етумен тоқталмай, жаратылыс хикметіне ...

Шүлдік (ойын)

Тақыр алаңда ойналатын жас өспірімдер ойынының бірі - "Шүлдік" ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген ұзындығы бір қарыс шүлдік керек. "Шүлдікті" ойнау үшін үлкен шеңбер сызылады, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шүлдік шұңқырдың ішіне емес ...

Шүлен тарату

Шүлен тарату, шүлен тарту – дәстүрлі қазақ қоғамына жәрдем мен қамқорлық түрі. Бұл діни парыз, уәжіп, садақа, құдайы немесе зекет те емес, ол тегін таратылатын дүние-мүлік. Шүлен таратуды қазақ байлары тарапынан кедейлерге көрсетілетін жомарттық ...

Шүршіт атауы

Шүршіт – қытай-маньчжур текті халықтардың қазақтар арасында тараған жалпылама атауы. Кейінгі орта ғасырлардан бастап, 19 ғасырдың соңына дейін кеңінен қолданылған. Қазақтар тілі шүлдірлеп тұрған қытайлықтарды көріп, Шүршіт деп атаған. Кейбір дере ...

ШҰАР ән-би ансамблі

"ШҰАР ән-би ансамблі" - Қытайдың ШҰАР-дағы ансамбль. 1949 жылы құрылған. ШҰАР ән-би ансамблі ұйғыр, қытай, қазақ, дүнген, моңғол, қырғыз, өзбек, манжұр, орыс сынды түрлі ұлттың өнерпаздарынан құралған. Ұйғыр және тағы басқа аз ұлттардың көптеген ...

Шұбар өкпе

Шұбар өкпе - көлемі ұлғайып ісінген өкпе, жарық учаскелерінің, қабынудың қан құйылған жердің қызғылт ошақтарына байланысты кесіндіде шұбарланып көрінетін бронхопневмонияға тән болып келеді.

Шұбарбалық

Шұбарбалық - тұқыбалықтар тұқымдасының бір түрі. Денесінің ұзындығы 16 - 19 см, салмағы 100 г, Балтық, Қара, Азов, Каспий теңіздерінде тіршілік етеді.

Шұбартау көтерілісі

Шұбартау көтерілісі – кеңес үкіметінің әкімшілік саясатына қарсы халық толқуы. 1931 ж. наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында болған. Сол жылдары Шұбартау аудандық орталығы өнеркәсіпті аймақтарды ет өнімдерімен жабдықтайтын жә ...

Шұбартеңіз шайқасы

Шұбартеңіз шайқасы, Шұбаркөл шайқасы, қазақ жасақтары мен жоңғарлар басқыншылары арасында болған. Шежіре деректері бойынша бұл шайқас шамамен 1728 ж. Орталық Қазақстандағы Ұлытаудың оңтүстік-батыс жағындағы Шұбартеңіздің айналасында өткен. Бұл ша ...

Шұлғау

Шұлғау. Қонышты аяқ киім кигенде аяққа орайтын матаны осылай атайтынымыз белгілі. "Қонған жерде шұлғауларымызды, сығып кептіреміз". "Шұлғау" сөзінің шыққан төркінін және алғашқы мағынасын мына мәліметтер-ақ анықтайды. Қырғыз тілінде "чулга", ноға ...

Шұра салу

Шұра салу, шұрай – малды жуасыту үшін қолданылатын әдіс. Ол жылқыны тағалау, жас биені саууға үйрету, асауды бастықтыру үшін қолданылады. Шұра салу малдың ерніне тұзақпен, қамшы бүлдіргісімен немесе жікішке шылбырмен бұрау салу арқылы жүргізіледі.

Шұғайбек Тілеубекұлы Тоқмағамбетов

Шұғайбек Тілеубекұлы Тоқмағамбетов, кен инженері, көмір өнеркөсібін ұйымдастырушылардың бірі. 1970- 1988 жылдары КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігінін коллегия мүшесі болды. 1970-79 жылдары және 1992-94 жылдары "Қарағанды көмір" өңдірістік бірлест ...

Шұғыл бүркеніш

Шұғыл бүркеніш - әскердің алда тұрған қимылы, операция мақсаты, аумағы, уақыты мен қарудың жаңа түрлерін қолдану сипатына қатысты қарсыласты жаңылыстыру мақсатында жүргізілетін әр түрлі шаралар жиынтығы. Шұғыл бүркеніш - оперативті түрде тұтқиылд ...

Шұғыл желі

Шұғыл желі - КСРО мен АҚШ арасындағы тікелей байланыс. Дағдарыс уакыты кезінде лидерлер немесе олардың өкілдері арасында жедел хабарласуға мүмкіншілік береді.

Шұғыл әрекетті топ

Шұғыл әрекетті топ – майдан өңіріндегі немесе жекелеген операциялық бағытта әрекет етуші майдан армия әскерлері бөлімінің уақытша біріктірілуі. Шұғыл әрекетті топ құрудың ерекше кең таралуы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында, әсіресе, Мәскеу жә ...

Шұғыла көшесі (Алматы)

Шұғыла көшесі - көшеге Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Жазушылар Одағының қазақ тілінде жарық көретін әдеби журналының атауы берілген. Көше Алатау ауданындағы "Айгерім-2" шағын ауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 760 метр.

Шұғыла көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы Лесной көшесі. Шұғыла көшесі Нұрғиса Тілендиев даңғылынан басталып, Абайдың 150 жылдығы, Ардагерлер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1134.8 м. Шұғыла - "арай", "таң шапағы", "сәуле шашып тұр" деген мағынаны білдіреді. Қазақта көбін ...

Шұқшию

Шұқшию. Бір нәрсеге зер салып үңілу, қадағалап ден қоюды осы сөзбен де береміз. "Менің бұдан былайғы шұқшиятыным орыс тілі мен орысша оқу болады". Әдетте, бір нәрсеге зер сала қарау дегеніміз көбіне ойлана қараумен мағыналас болып отырады. Осымен ...