ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 30

Аяққы

Аяққы жасақтама обеспечение; terminal equipment) - мәліметтерді жеткізу желісіне қосылған жабдық; пайдаланушыны мәліметтерді жеткізу жүйесінің стандартты интерфейсімен жасақтайтын жабдық.

Аға және кішілер

Аға және кішілер. Әскери қызметшілер өз қызмет бабына және әскери атағына қарай өзге әскери қызметшілерге бастық немесе бағынышты болады. Ағалық әскери қызметшінің әскери атағымен анықталады. Атағы жағынан жоғарылар өзінен кішілерден жауынгерлік ...

Аға мирек

АҒА МИРЕК - парсы кескіндемешісі, сүйектен бұйым жасайтын зергер. 16 ғасырда Шығыс елдеріне кең тараған тебриз мектебінің өкілі. Қолтаңбасының әсемдігімен, нәзік нақышымен ерекшеленеді. А.Мирек 1539 - 1543 жылдары Низамидің" Хамса” қолжазбасын бе ...

Аға Реза

АҒА РЕЗА - парсы миниатюрашысы. Ирандағы Қашанқаласынан шыққан Али Асғар Мавлянның ұлы. Алғашында Мешхед қаласында, 1858 - 1600 жылдары Исфаһанда Аббас І шаһтың сарайында тұрған. Сурет салудың графикалық үлгісін миниатюрада қолданды. АҒА РЕЗА әсі ...

Ағайын

АҒАЙЫН - туыстық жақындықты білдіретін ұғым; Бауырлас адамдар." Туысы бірдің - уысы бір” деп бірігіп, ынтымақтасып өмір сүреді, ұсақ-түйек дау-шар, өкпе-назды елемеуге тырысады. Қазақта" Ағайын тату болса - ат көп, абысын тату болса - ас көп” дег ...

Ағайынды Нобельдер Серіктестігі

Ағайынды Нобельдер Серіктестігі, Ағайынды Нобельдердің мұнай өндіру Серіктестігі - ағайынды швед кәсіпкерлері Роберт, Альфред және Людвиг Нобельдер Бакуде құрған мұнай өндіру және сатумен айналысатын кәсіпорын. Бакуде мұнай өндіретін зауыт ашып, ...

Ағартқыш заттар

Ағартқыш заттар - мақта мен маталарды, жібекті, жүнді, теріні, жасанды және синтетикалық талшықтарды, пластикалық заттарды, лактарды, сабынды, балауызды, майларды, азық-түлік заттарын т.б. ағартуға пайдаланылатын әртүрлі органикалық және бейорган ...

Ағартқыш саздар

АҒАРТҚЫШ САЗДАР, адсорбент- т - табиғи күйінде не өңдегеннен кейін әр түрлі заттарды құрамындағы бөгде қоспалар мен зиянды бөлшектерден тазартын, олардың сапасын жақсарту үшін қолданылатын тау жыныстарыныц тобы. А. с-ға флоридиндер, бентониттер, ...

Ағаттық

"Ағаттық ісімізді білмедік пе? Көңілін бір нәрседен кірледік пе?". Поэма үзіндісінен тіліміздің түсіндірме сөздігінде берілген "әбестік, қателік, жаңсақтық" мағыналарын ұғынамыз. Бірақ "ағаттық" сөзінің тұңғыш мағынасын басқа түркі тілдері дерект ...

Ағаш ат

Ағаш ат - Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірлерінде, қарақалпақтарда қайтыс болған кісіні салып көтеретін табыт. Ғалымдар мұны ежелгі көшпенділердің - сақ, ғұн, түркі, қыпшақ т.б. тайпалардың қайтыс болған адам о дүниеге ат мініп барады деген наным ...

Ағаш құралымдар

АҒАШ ҚҰРАЛЫМДАР - түгелдей немесе дені ағаш материалдан жасалатын құрылыс құралымдар. АҒАШ ҚҰРАЛЫМДАР бөлшектері бір-бірімен қашап қиюластыру, сыналар, нагельдер, болттар, металл бекіткіштер қағу, сондай-ақ желімдеу арқылы байланыстырылады. АҒАШ ...

Ағашері

АҒАШЕРІ - түркі тілдес тайпа. Ол туралы алғашқы деректер Византия жазушысы Приск Панийскийдің, рим жазушылары Иорнанд пен Кассиодордың еңбектерінде кездеседі. АҒАШЕРІ Каспий теңізінің солтүстігін мекендеген. 1245 жылғы араб-түрік-моңғол сөздігінд ...

Ағашты-топырақты атыс құрылыстары

Ағашты-топырақты атыс құрылыстары - қорғаныш қалыңдығы топырақтан, тастан, қиыршық тастардан құралған, орман жабдықтарынан салынып көтерілген пулеметтер мен артилериялық қарулардың ату орындары. Ағашты-топырақты атыс құрылыстары Ұлы Отан соғысы ж ...

Ағу жұрнағы

Ағу жұрнағы - бүгілме аузының яғни өзен бүгілмелерінің арасындағы тар жерлердің бұзылуынан пайда болған, өзен жайылмасының ортасындағы қырат. Су ағып тұратын арна мен ескі арнаның арасында орналасады. Көбінесе жағаның байырғы жынысынан тұрады.

Ағыбай Алмасұлы Алманиязов

Алманиязов Ағыбай Алмасұлы - ғалым, биология ғылымдарының докторы ; профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ташкент ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1938 - 41 жылдары Түркістан облысы жер басқармасының агрономы, ...

Ағылшын-ауған соғысы

Ағылшын-ауған соғысы - Англияның Ауғанстанда жүргізген отарлау соғыстары. Бірінші Ағылшын-ауған соғысы 1838 жылы 30 мың ағылшын әскерінің Ауғанстанға басып кіруімен басталды. Ауғанстан қорғанысқа 15 мың әскер шығарды. 1839 жылы ағылшындар Қандаға ...

Ағылшын-Бур соғысы

Ағылшын-Бур соғысы Ұлыбритания мен Оңтүстік Африка бур республикалары арасында саяси-экономикалық шиеленістер негізінде орын алды. Оның басталуына Трансвааль президенті П.Крюгердің шетелдіктерге, әсіресе, онда тұрып жатқан ағылшындарға сайлау құқ ...

Ағылшынша бірінші жаңалықтар

Ағылшынша бірінші жаңалықтар - "Хабар" телеарнасында 2000 жылы 14 қарашада 22 сағатта эфирден берілді. Жаңа жобаға "Khabar news weekly review" және "ABN AMRO BANK" демеуші болды. Алғашқы жүргізушілер - америкалық ақын Сабрина Вэлли және журналист ...

Ағын (көлік)

Ағын - белгілі бір бағытта және белгілі жолөткелінде бір уақытта қозғалысқа түсетін бірденелердің мөлшері. Жаяу жүргіншілер ағыны - жаяу жүргіншілер жолы мен өткелінен белгілі бір жылдамдықпен, қарқынмен және тығыздықпен козғалатын жаяу жүргіншіл ...

Ағынан жарылу

Ағынан жарылу - ішкі сырын бүкпесіз білдіріп, болған істің шындығын немесе өз ойын жасырмай ақтарып салу. Ағынан жарылу - адам мінезіндегі ұнамды қасиет. Ақжарқын жайдарылықты, адал ниет, ақ пейілді, таза ой мен әділдікті білдіреді. Мінезі ақ жар ...

Ағынды ағыстар

Ағынды ағыстар - жіңішке су кеңістігі арқылы жалғасып жатқан екі ірі су алабы деңгейлерінің біркелкі болмауының салдарынан пайда болған ағыстар. Олар мұхиттар мен тұздылығы жоғары ішкі материктік теңіздерді қосатын бұғаздарда байқалады. Мысалы, А ...

Ағынды жел

Ағынды жел - белгіленген ырғақпен бірыңғай технологиялық процесс бойынша өзара байланысты және үйлесімді жұмыс істейтін қондырғылар кешені. Ондағы жұмыс орындары технол. операциялардың кезектесуіне қарай жүйелі орналасады. Ағынды жел өндірістік п ...

Ағынды өлшеу

Ағынды өлшеу - қойнауқаттардың кеуекті ортасында немесе ұңғымада мұнай, су, газ немесе олардың қоспаларының ағындарын өлшеу. Осы заттардың қоспасынан түзілген көп фазалы ағындар көлемдік немесе массалық ара-қатынастармен, фазалары мен түрбөлшекте ...

Ағынсыз алап

Ағынсыз алап, - мұхитпен байланысы жоқ ағынсыз тұйық аймақта орналасқан өзен немесе көл алабы. Мысалы, Арал-Каспий аймағындағы Сырдария және Әмудария өзендерінің алабы.

Ағыс Дәулетов

Дәулетов Ағыс. KCPO Мұнай өнеркәсібі үздігі. 1921 - 1956 жылдары Мақат мұнай кәсіпшілігінде ұңғымаларды жер асты жөндеу бригадасында жумысшы, кілітшінің көмекшісі, кілітші, мұнай өндіру цехында оператор. 1956 жылдан зейнеткер. Қазақ КСР Жоғарғы К ...

Ағыту

Ағыту - 1) қүрылғының ажыратылған қалып-күйге ауысып, қызметінің тоқтатылуы; 2) есептеу желілерінде - сеанстың аяқталуы.

Ақ автомобиль

"Ақ автомобиль" - "Қазақтелефильм" студиясының 3 бөлімді, түрлі түсті фильмі. Фильм әлемнің түрлі таңғажайыптарын енді-енді тани бастаған алты жасар бүлдіршін туралы. Мазмұны да күрделі емес. Бір сәт қараусыз қалған 4-5 жастағы сәби өз бетімен "қ ...

Ақ алмас

Ақ алмас - болаттан жасалған қару. Қанжар, семсер, қылышты кейде жасалынған болатының түріне, сапасына қатысты ақ алмас деп атаған. Бұл атау қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Сондай-ақ, алмастың түсіне қарай қарулардың қызыл алмас, көк алмас ...

Ақ аю туралы

"Ақ аю туралы", жазушы Әуезовтың мақаласы. "Социалды Қазақстан" газетінің 1935 жылғы 11 маусымдағы 133-санында жарияланған. Кейін Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 17-томына енген 1985, 28-31-беттер. Мақала С. Мұқановтың осы аттас поэмасын ...

Ақ балдақ

Ақ балдақ, көк балдақ - қылыш, семсерлердің халық ауыз әдебиетінде кездесетін атауы. Семсер-қылыштардың қолға ұсталатын балдағы, қарудың маңызды бөлігі болғандықтан, оның атауы қарудың өз атауы ретінде де қолданылады. Дұшпан қаруының жүзіне қарсы ...

Ақ босаға

"Ақ босаға" - отбасыларга арналған тәуелсіз басылым. Құрылтайшысы - "Шолпан және қүрбылар" серіктестігі. алғашқы нөмірі 1991 ж. 7 Ақпанда, Алматыда қазақ тілінде жарық көрген. Көлемі 4 бет, қағазы A3. Айына бір рет шыгады. "Шер тарқатсам деп едім ...

Ақ босаға (хабар)

"Ақ босаға" - хабарында "Салтыңды сақтай біл", "Анаға кеңес", "Ұлттық тәрбие - ұлы үрдіс" деген тақырыптарда кеңінен әңгіме-сұхбат, бейнетүсірілім түрінде дайындалды. Негізінен танымдық мақсатта, халықтық салт-дәстүрлерді сақтау, шаңырақ шаттығы, ...

Ақ бота

"Ақ бота" - "Қазақтелефильм" студиясының 6 бөлімді, ақ-қара түсті көркем телефильмі. Фильм Манғыстау жерінде түйе өсірудің мән-жайын көрсетеді және осы байырғы кәсіпке қамқорлық керек екені сөз болады. Осы орайдағы проблемалар көтеріледі. Алдымен ...

Ақ Жайық (ансамбль)

Басқа мағыналар үшін Ақ Жайық деген бетті қараңыз. < > - ән-би ансамблі. 1974 жылы Орал педагогикалық институтының қоғамдық мамандықтар факультінің жанынан ұйымдастырылды. Алғашқы жетекшісі - Алматы хореографиялық училищесінің түлегі Құрамы ...

Ақ желкен

"Ақ желкен" - жасөспірімдерге арналған республикалық журнал. "Ақ желкеннің" қысқаша тарихы: 1946-1958 жылдар. Ұлы Жеңістен соңғы еңбектегі ерліктерге толы бұл жылдары да "Пионер" өзінің ұйымдастырушылық, тәрбиелік рөлін риясыз атқарды. 1978 жылы ...

Ақ жол

"Ақ жол" - облыстық газет. 1922 жылдың 1 мамырынан Әулиеата уездік, қалалық партия комитетінің, уездік Кеңес атқару комитетінің органы "Вольная беднота" газетінің қосымшасы ретінде "Кедей еркі" деген атпен шыға бастаған. Ол араб әрпімен басылып, ...

Ақ және қара түсті симфония

"Ақ және қара түсті симфония" – "Қазақтелефильм" студиясының 2 бөлімді, қазақ-орыс тілінде, ақ-қара түсті фильмі. Фильм қазақстандық қылқалам шебері, суретші Антощенко-Оленевтің шығармашылығы мен оның ұзақ жылдық еңбегі, картиналары мен гравюрасы ...

Ақ жәшік

"Ақ жәшік" - есептеуіш техникада - ішкі құрылымы мен мазмұны туралы жарым-жартылай немесе толық ақпараты бар программалық модуль, мәліметтер жинағы немесе құрылғы.

Ақ күйе

Ақ күйе - аморфты кремний қос тотығы, майда дисперсті ұнтақ зат. Оның табиғи түрі - диатомит тау жынысы. Ақ күйе кристалдық кремний қос тотығына қарағанда табиғатта аз кездеседі. Ақ күйе кремний қышқылын күйдірген кезде алынады. Оған балқытқыш қы ...

Ақ найза

Ақ найза, ақсүңгі - жебесі асыл болаттан, алмастан соғылған найза. Жебелері үшкір, төрт, алты, сегіз қырлы болып келеді. Батырлардың қаруы ретінде Ақ найза эпостық жырларда жиі айтылады.

Ақ сірне

Ақ сірне - картоп, қызылша, жүгері крахмалдарын гидролиздеп, қышқыддармен ерітінділеп, тазалап сүзіп қайнатып алатын шырын. Кондитер, консерві өндірістерінде қолданылады. Сонымен бірге аперитивтер құрамына кіреді

Ақ сандық, көк сандық

"Ақ сандық, көк сандық" - ұлттық ойын. Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептің кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойын ...

Ақ сақа

Ақ сақа - көлдер мен өзендерде және теңіздің суы тұщыланған аудандарында өсетін балықтар тобы, оларға ақ сақалар, сылан, түрке, чир, мұқсын, көкшұбар, тугун т. б. балықтар жатады. Ақ сақалар Солтүстік пен Сібір суларында, сондай-ақ Латвия мен Лит ...

Ақ сексеуіл

Ақ сексеуіл – алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп кете береді. Діңінің жуандығы 20 – 60 ...

Ақ селеу

Ақ селеу – астық тұқымдасының селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Ақ селеу көбінесе құмды және құмдауыт жерлерде, орманды алқаптардағы қара топырақты ауданд ...

Ақ сүйек (ойын)

Ақ сүйек - ұлттық ойын. Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдалынып алынады. Ойын жүргізу үшін ірі қараның, жылқының, түйенің, кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатынасушылар екі топңа бөлінеді. Әр топ өзіне б ...

Ақ тары неге азайып кетті?

"Ақ тары неге азайып кетті?" – жергілікті халық күн сайын тұтынатын, жеңсік астардың бірі - тары өнімінің келелі проблемалары жайлы хабар. Бұл хабарға абыз жазушы Ғабиден Мұстафин қатысып, көкейде жүрген көрікті ойларын ортаға салды. Тары өнімін ...

Ақ штейн

Ақ штейн - мыс штейнін конверторда балқытудыц бірінші кезеңінең соң, оның ішіндегі қоспалардың тотығуы нәтижесінде пайда болған шлактарды ағызғаннан кейінгі конверторда қалатын мыстың байытылған штейні.

Ақ эмиграция

Ақ Эмиграция - Ақпан төңкерісінен бастап Азамат соғысы аяқталғанға дейінгі аралықта Кеңестік Ресейдің территориясын тастап шыққандар. Олардың қатарында империяны билеген үстем тап өкілдері, капиталистер, помещиктер, ақ генералдар мен офицерлер, п ...

Ақ үйдегі агенттік

Ақ үйдегі агенттік – 1977 жылға дейін қызмет атқарған агенттік. 1977 жылдан бастап оның атқаратын қызметі АҚШ Сауда министрлігінің Ұлттық ақпарат және телекоммуникация басқармасына берілді.