ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 267

Сырғын

Сырғын - декорация үшін өсірілетін екіжылдық шөп өсімдігі. Сабағының сыртын түк басқан, тік өседі. Гүлшоғырлары масақ тәрізді немесе сыпырғы сияқты болып өседі.

Сырқатнама

Сырқатнама - ауру ағымын, дәрігердің барлық тағайындаған емін, оның нәтижесін және сырқаттамасын тіркейтін негізгі құжат. Сырқатнама, мұрағаттық сақтауға жататын және емделушінің өмір бойы денсаулығын кадағалауға, тағайындалған емшараларының тиім ...

Сығанақ көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №19 магистраль көшесі. Сығанақ көшесі Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарын және Сауран, Ақмешіт, Түркістан, Орынбор көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 3074.8 м. Сығанақ - ортағасырлық қала. Қызылорда облысы, Төменарық теміржол стансасыны ...

Сығылма

Сығылма - бір-біріне параллель қос қабырғасы жер қойнауларына қарай тік немесе әнтек еңістене құлайтын, онша қалың емес, алайда біршама ұзақ қашықтыктарға сағаланатын тақташа тұрқылас геологиялык дене. Эндогендік.

Сығылу диаграммасы

Сығылу диаграммасы. Сығылу кезіндегі материалдардың күйін зерттеу үшін сығылу диаграммасын құрады. Күш әсерінен бастапқы кезде аз көміртекті созымды болат 3-тің сығылу диаграммасы созылу диаграммасындай көлбеу болып диаграмма сызығы қисаяды, оның ...

Сығымдау

Сығымдау, сығу - шығатын тесігі бар қалыптың қуысында металл деформацияланып, оның бөлігі тесік арқылы ағатын қалыптау процесі. Сығымдау - ыстық және суық қалыптаудың технологиялық операциясы.

Сықпа

Сықпа - құрамына, мақсатына қарай ұнтақ, майлы заттармен қатар әр түрлі дәрі-дәрмектер кіреді. Мысалы: Кабилов ауыртпайтын пастасы; тіс езегін толтыратын Генис пастасы, алтын мен болаттан жасалған тіс протездерін жалтырататын сықпалар.

Сыңар

Сыңар Сөз мағынасы - екеудің бірі - егіздің серігі; "жалғыз" дегенмен бірдей екені әркімге аян. "Айырылған сыңарынан коңыр қозым! Қайдасың қалқатайым? Күн мен айдың, Айтсаңшы, кездескенше көбін-азын". "Сыңар" сөзінің ертедегі мағынасы езгеше болғ ...

Сыңар жол

Сыңар жол - келесі беттің бірінші жолына басылған абзацтың соңғы жолы немесе беттің соңғы жолына басылған жаңа абзацтың бірінші жолы. Келісім бойынша Wordта сыңар жолдарға тыйым салынған. Бұл мүмкіндікті іске қосу үшін Пішім-Абзац-Бетте орналасуы ...

Сюаньцзан

Сюаньцзан – әйгілі қытай будда монахы, ғалым, философ, жиһангер және аудармашы. Тан әулеті кезінде өмір сүрген. 602 жылы ғалымдар отбасында дүниеге келген. Үндістанға 17 рет саяхатқа баруымен атағы шыққан. Ол жерде Наланда монастырында будда шебе ...

Сюжет

Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр ...

Сюрба

Сюрба - Башқұртстанның Кигин ауданындағы ауыл, Арслан ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 239 адамды құрады. Пошта индексі - 452507, ОКАТО коды - 80236810006.

Сяң-бау

"Сяң-бау" – 1922 жылы Шанхайда жарық көрген Қытай Коммунистік Партиясы шығара бастаған алғашқы басылым. Бұл тұста Қытайда 160 газет жарық көріп тұрды. "Сяң-бау" коммунистік партияның бағыттары мен артықшылықтарын халық арасында насихаттауда маңыз ...

Сүбе би

Сүбе, сүбе би. Дәл осы тіркестегі "сүбе" сөзінің төркінін іздеп, сарапқа салмастан бұрын, азғана түсінік беруге ділгерміз. Көне заманда ел билеген әкімшілік орындарында "төбе би", "сүбе би" аттарын жамылған лауазым иелері болған. Осындағы төбе де ...

Сүзілген су

Сүзілген су - ұсақ кеуекті таужыныстардың ішіне сүзілу жолымен кіретін жер асты суы. Таужыныстарға үңірейген ашық жарықшақтар мен қуыстар арқылы енетін суларды флюациялық жер асты суы деп атайды.

Сүзбелену коэффиценті

Сүзбелену коэффиценті - арын градиенті бір санына тең болғандағы сүзбелену жылдамдығы. Флюидтің тұтқырлығымен және таужыныстың өтімділігімен анықталады; см/с немесе м/тәулік бірліктерімен өрнектеледі. Құмдар мен құмтастарға тиесілі судың С.К. 10- ...

Сүзбелену коэффициенті

Сүзбелену коэффициенті. Арын градиенті бір санына тең болғандағы сүзбелену жылдамдығы. Флюидтің тұтқырлығымен және тау жынысының өтімділігімен анықталады, см/сек немесе м/тәулік бірліктерімен өрнектеледі. Құмдар мен құмтастарға тиесілі судың Сүзб ...

Сүзгі

Сүзгі ; filter) Көрсетілген кейбір белгілері бойынша теріп алынған мәліметтерді өңдеу процесі программасы. Ол қажетгі мәліметтерді басқалардан айырып алуға мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық пошта программасында белгілі бір адрестен келген нем ...

Сүзек

Сүзек - бұл ішек инфекциясы, ол бүкіл денені жайлайды. Ол нәжістен ауызға түседі, зақымданған тамақ, су арқылы тарайды және көбіне індет сипатында болады. Қызба деп аталатын аурулардың ішінде сүзек анағұрлым қауіпті.

Сүйінші дана

Сүйінші дана - таралымының дайындалуына және жарыққа шығуына рұқсат беруі үшін баспаға қол қоюға әкелінген басылым-шығарманың баспаханада дайын болған алғашқы данасы.

Сүйірлене тамамдалу

Сүйірлене тамамдалу. Тау жыныстарынан тұратын жекелеген қабаттар мен желілердің сағалану бағытында бірте-бірте сүйірлене отырып, бара-бара мүлдем ғайып болуы.

Сүйем

Сүйем Бас бармақ пен сұқ қол аралығымен өлшенетін мөлшер осылай аталады. "Қазақ жауынгерлері Украина, Белоруссия, Кавказ жерлерін өзіміздің жер, Отан жері деп бағалап, оның әрбір сүйемі үшін жаумен жан аямай жұлқысты". Қырғыз тілінде осы мағынаны ...

Сүйемелдеу

Сүйемелдеу, программалық өнімді сүйемелдеу - есептеуіш машинаның бар программасын, ондағы табылған қатені жою мен оның қызметтік мүмкіндіктерін өзгерту қажеттілігінен туындайтын түрлендіру процесі.

Сүйемелдеуші артиллерия

Сүйемелдеуші артиллерия - ұрыс кезінде негізгі тапсырмаларды атқаратын жалпы әскери бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардын мүддесінде ұрыстық міндеттерді атқару үшін аға бастық тағайындайтын артиллериялық бөлімшелер, бөлімдер мен құрамалар. Сүй ...

Сүйемелдеуші бөлімдер (құрамалар)

Сүйемелдеуші бөлімдер) - ұрыс кезінде негізгі міндеттерді атқаратын жаяу әскердің бөлімдері, құрамалары мен бірлестіктері мүддесінде ұрыстық тапсырманы атқару үшін жоғары бастық тағайындайтын бөлімдер мен құрамалар. Сүйемелдеуші бөлімдердің қоса ...

Сүйемелдеуші күштер мен құралдар

Сүйемелдеуші күштер мен құралдар - ұрыста негізгі міндеттерді шешетін құрлық әскерлері бөлімшелерінің мудделерінде жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жоғарғы бастық тағайындаған бөлімшелер, бөлімдер, құрамалар. Сүйемелдеуші күштер мен құралдар ...

Сүйрік

Сүйрік - бекіре тұқымдастарының ішіндегі бірден-бір тұщы су балығы. Оны Каспий, Азов, Қара, Ақ, Баренцжәне Кара теңіздерінен, сондай-ақ Батыс Сібір өзендерінен аулайды. Орташа салмағы 250 - 800 г.

Сүйрету

Арқанмен сүйрету - сым арқанмен тіркеп сүйретіп тасымалдауы, бұл тәсілді тек рөлдік және тежеуіш жүйелері ақаусыз жұмыс атқаруға мүмкіншілігі бар көліктік кұралдарды сүйретуге пайдаланады. Қатты тартқышпен сүйрету - қатты шыбықты пайдаланып тірке ...

Сүліктей

Сүліктей. Түсіндірме сөздіктегі бұл сөздің мағынасы - жіңішке, жұмыр, жылтыр. "Наурызбай бас бәйгеге тігілген сүліктей қара су жорғаны жанындағы жолдасын жыққан айыбым деп, Ақбөкенге тартқанды I. Есенберлин, Қаһар. Түсіндірме сөздікте дәл осыған ...

Сүлеймен Мәметов

Сүлеймен Мәметов - жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген. Алматы облысы Ескелді ауданы газетінде тілші, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылындағы орта мектепте мұғалім, 1980 - 1995 жылдары республикалық "Жалын", "Балауса", баспаларында редактор, 1995 ...

Сүлеймен таулары

Сүлеймен Таулары – Иран таулы қыратының шығысындағы, Пәкістан жеріндегі тау жүйесі. Ұзындығы 600 км, ені 350 км-дей, орташа биіктігі 2000 – 2500 м. Ең биік жері Обашта-Цукай немесе Тахте-Сулейман шыңы. Тау жоталары негізінен меридиан бағытында ор ...

Сүлейменов Хәкім атындағы көше (Алматы)

Сүлейменов Хәкім атындағы көше. Көшеге белгілі қоғам қайраткері, Верный, Қоқан, Ферғана қалаларында Кеңес өкіметін орнатуға үлес қосқан әрі Жетісу және Самарқан-Бұқара майдандарындағы шайқасқа қатысқан, сталиндік репрессияның құрбаны Сүлейменов Х ...

Сүмбе орамы (Астана)

Сүмбе орамы - бұрынғы атауы Н.Филатов қысқа көшесі. Сүмбе орамы Рауан қысқа көшесінде аяқталады. Шыршық, Қараой, Айдын орамдарымен қиылысады. Ұзындығы - 407.7 м. Сүмбе - жер атауы. Осы аттас елді мекендер кездеседі.

Сүмесін

Сүмесін Аталған сөз мағынасын "сүт, ақ, сүме" деп ұғындырады түсіндірме сөздік. Ал "сүме" сөзіне "сүт өнімі" деген анықтама береді. "Жалғыз сиыр мен екі-үш тұяқтың сүмесіні бір үйлі жанның ауыз шаюына да жетпейтін болған.". Қазақ тіліндегі "сүмес ...

Сүннет

Сүннет - Хазіреті Пайғамбардың сөзі, әрекеті және тақриры деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер. Сүннет үшке бөлінеді: 2. Ғайри мү ...

Сүр қуырдақ

Сүр қуырдақ - кепкен сүрді ұсақтап турап қайнатады, содан соң сорпасын төгіп тастап, қайтадан май салып қуырады. Алғаш қайнағанда сұр ет жұмсарып, тұзынан, ащы ескі дәмінен тазарады.

Сүргілеу білдегі

Сүргілеу білдегі - жазық және үлгілі беттерді өңдеуге арналған металкескіш білдек. Бас қозғалысы - ілгерілемелі-қайтымды, беріс қозғалысы - мезгіл-мезгіл ілгерілемелі. Көлденең сүргілеу білдектерде бас қозғалысты кескішпен сырғақ, ал бойлап сүргі ...

Сүт көже

Сүт көже – сүтке сөк немесе күріш қосып қайнатып жасайды. Ашыған көже – құрамында су, ұн, тұз, сүт бар сусын. Жылдың төрт мезгілінде де жасап ішуге болады. Әсіресе, күн ыстықта шөлдеп үйге келгенде, салқын ашыған көже ішсең, шөлің басылып, рақатт ...

Сүт өнімдері

Сүт өнімдері - сүттен дайындалатын әртүрлі тағамдар. Сүттен әртүрлі тағамдық өнімдер дайындалған кезде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Қазіргі кезде мұнымен қ ...

Сұйық кристалды дисплей

Сұйық кристалды дисплей - тасымалы компьютерлерде, сондай-ақ сандық сағаттарда пайдаланылатын дисплей түрі. Сұйық криссталдар негізіндегі экран. СК бар қарапайым аспаптардың монохромды немесе 2-5 түсті дисплейі болады. Жылдам жарық диодты жарықта ...

Сұйық кристалл

Сұйық кристалл - молекулалары ретпен орналасқан сұйық. Оған анизотроптық қасиет топ. Молекулаларының өзара орналасуына қарай сұйық кристаллдардың: смекталық нематолық холестерлік түрлері болады.

Сұйық отын

Сұйық отын - іштен жану қозғалтқыштарында отын ретінде қолданылатын органикалық заттардың жанармаймен қоспасы. Сұйық отынның кең тараған түріне мұнай өнімдері: керосин, бензин, мырыш, сонымен бірге спирттер және басқа да көмірсугектер жатады.

Сұйықтардың ерігіштігі

Сұйықтардың ерігіштігі - сұйықтықтардың бір-бірінде еру дәрежесі. Кейбір сұйықтықтар екінші сұйықтыққа шексіз ери беруге яки бір-біріне кез келген қатынаста араласуға қабілетті, ал екіншілері бір-бірінде тек қана нақтылы шекке дейін ери алады.

Сұйықтың (газдың) ламинарлық қозғалысы

Сұйықтың ламинарлық қозғалысы. Сұйықтық капиллярлық қуыстар бойымен жылжу түрі. заңдылығы судың құмдардан сүзбеленуі жайлы 1865 жылы Дарси жүргізген тәжірибелер негізінде анықталған. Бұл тәжірибелерге сәйкес, нақтылы уақыт бірлігіндегі судың шығы ...

Сұйықтың арынды қозғалысы

Сұйықтың арынды қозғалысы. Сұйық сіңірмейтін жазықтықтармен шектелген сұйық қозғалыстары.Мұндай кеңістіктің кез келген нүктесіндегі сұйық тудыратын қысым мөлшері атмосфералық қысымнан жоғары болып келеді.

Сұйықтың және газдың қойнауқаттағы қозғалыс режимі

Сұйықтың және газдың қойнауқаттағы қозғалыс режимі - сұйық пен газ қозғалысының жылдамдығын энергетикасын, ағыс геометриясын және сол ағыстың уақыт барысындағы өзгерістерін ескеретін осы қозғалыстың өзіңдік сипаты. Үш түрлі белгілер тобының негіз ...

Сұйықтың тұрақтанған қозғалысы

Сұйықтың тұрақтанған қозғалысы. Сұйықтың жерасты ағымының бүкіл элементтері - бағыты, жылдамдығы, көлденең қимасы, арындық градиенті және шығыны ешбір өзгеріссіз өтетін қозғалыс түрі.

Сұлбалық карта

Сұлбалық карта - Жер қыртысының белгілі бір бөлікшесінің геологиялық құрылысы, тектоникалық, палеогеографиялық т.б. ерекшеліктері жайлы жалпылама мағұлмат беретін, осы бөлікшенің басты сипаты ерекше көрсетілетін сызба; әдетте топографиялық негіз ...

Сұлтан

Сұлтан - тәуелсіз ақсүйек билеушінің атағы. Құранда Сұлтан сөзі өзінің бастапқы "билік", "құдіреттілік" мағынасында және басқа хадистерде және көркем әдебиеттерде "саяси билік", соның ішінде халифа билігі мәнінде қолданылды. Сонымен қатар X ғ-да ...

Сұлтан (журнал)

Сұлтан - ер-азаматтарға арналған қазақ тіліндегі алғашқы және көркем иллюстрациялы журнал. Журналдың Бас редакторы Әсия Нұрали. Меншік иесі -" Қызылжар қызы” жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 2006 жылдан бастап шығады.