ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 227

Парадигматика

Парадигматика тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің парадигматикалық, синтагматикалық бірі. Парадигматика - парадигматикалық қатынастарды, олардың топтастырылуын, қолданылатын салаларын қарастыратын тіл білімінің тарауы. Бұл тұрғыда Парадигматик ...

Паралич

Паралич. Нерв жүйесінің зақымдануынан ағзалар қызметінің тоқтап немесе сал болуы. Бұған бет мимика бұлшық еттерінің салдануын айтуға болады.

Параллелизация-салыстыру

Қойнауқаттардың геологиялық көнелігі тұрғысынан бір-біріне сәйкес келетіндігін анықтау. Қ.С ның ең тиімді әдісі палеонтологиялық әдіс, яғни салыстырылып отырған қойнауқаттардағы организм қалдықтары кешенінің ұқсастығын тағайындау. Шағын ғана аума ...

Параллелизм

Параллелизм - бір-біріне ұқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінін қабаттаса қатар қолданылуы. Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай. Алдыңғы кезек менікі, соңғы кезек сенікі.

Параллель радиусы

Параллель радиусы –– әрбір географиялық параллель – шеңбер, оның радиусы r {\displaystyle r} осы параллельдің геодезиялық ендігінің B {\displaystyle B} мына функциясы болып табылады: r = N ⋅ c o s B a c o s B 1 − e 2 s i n 2 B, {\displaystyle r=N ...

Параллель қосу

Параллель қосу, электртехникада - екіұштықтың ұштарына немесе төртұштықтың кірісіне бір ғана кернеу берілетін етіп қосу. Параллель қосу - электр энергиясын тұтынушыларды қосудың негізгі түрі. Параллель қосуда энергия көзінің қуаты жеткілікті болс ...

Парамагниттік

Парамагниттік, парамагнетизм - сыртқы магнит өрісіне орналастырылған кейбір денелердің сол өріс бағыты бойынша магниттелу қасиеті. Парамагниттік дене ішінде пайда болған магниттеушілік сыртқы өрістің әсерін күшейтеді. Сондықтан парамагниттік дене ...

Параметриялық түзетулер теңдеулері

Параметриялық түзетулер теңдеулері –– параметриялық әдіс бойынша теңдестіру кезінде әрбір өлшенген шама үшін мынадай ережемен құрастырылатын бастапқы түзетулер теңдеулері: таңдалған қажетті белгісіздер арқылы көрсетілген өлшенген шаманың теңдесті ...

Параметрлік бұрғылау

Параметрлік бұрғылау - іздестіру жұмыстарын жүргізуге тиімді деп табылған мұнай-газ жиылу өңірлерінің геологиялық-геофизикалық параметрлерін айқындау мақсатында ұңғыма бұрғылау. Негізгі міндеттері: қиманың, әсіресе аймақтық мұнайлы-газды қатқабат ...

Параметрлер

Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M 2 ; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік ; m - мұнаймен қанығу ; b - қайтарым коэффиценті; a - ...

Парамос

Парамос - экваторлық зонада кездесетін абсолюттік биіктіктері 3000 - 4800 метрлік биік таулы ландшафт типі. Жыл бойы температураның төмен және тұрақты болуына сәйкес мұнда жыл мезгілдері аның білінбейді. Буланудың күшті болуының нәтижесінде 500 - ...

Паранойя

Паранойя, қияли ауру - ұдайы сандырақтаудан болатын созылмалы психоз. Бұл кезде адамның ақыл-ой қабілеті төмендемейді, бірақ науқас неше түрлі елестердің салдарынан қияли ойларға беріледі. Қорқыныш және үреймен сипатталатын бұл сырқат басқаларға ...

Парапитек

Парапитек - жоғары сатыдағы маймылдар тобы. Парапитектер бұдан 23 - 25 млн. жыл бұрын тіршілік еткен деп есептеледі. Олар ағаш басында әрі жер бетінде тіршілік етуге бейімделген. Парапитектің дене құрылысы төменгі сатыдағы мартышкатектес маймылда ...

Паратаксис

Паратаксис - сөйлем құрамындағы бір-біріне формалық жағынан бағынышты емес элементтердін қатар орналасуын білдіретін синтаксистік қатынас тәсілі. Бұған салалас құрмаластар, салаласа байланысқан басқа да құрылымдар жатады. Паратаксис гипотаксиске ...

Парафинді мұнай

Парафинді мұнай - құрамында айтарлықтай мөлшерде еріген парафині бар мұнай. Мұнайдағы парафиндер мөлшері оның массасының 0.2-30%-ға дейінгі немесе одан да жоғары шамасын құрайды. Құрамындағы парафиннің мөлшері жөнінен мұнай аз парафинді, парафинд ...

Парафинсіздеу

Парафинсіздеу - мұнай фракцияларында жоғарғы алифатикалық шектік көмірсутектердің мөлшерін төмендету үшін жүргізіледі. Бұл арқылы мұнай өнімдерінің тұтқырлығы мен қоюлану температурасын төмендетуге мүмкіндік туады. Мұнайдың тұтқыр өнімдерін П. ол ...

Парафирование

Парафирование - халықаралық шарттарға, оны әзірлеуге қатынасқан адамдардың аты-жөнімен алдын ала қол қойылуы; ұзақ мерзімді келісімге парафирования жасау.

Парафраз

Парафраз – әдеби шығарманы қысқаша баяндап беру. Парафраз өлеңді қара сөзбен немесе қара сөзді өлеңмен айтуға негізделген. Мысалы," Мың бір түн” ертегісінің," Дон Кихот”," Робинзон Крузо”, т.б. шығармалардың балаларға арнап қысқартылған басылымда ...

Парафраз, парафраза

Парафраз, парафраза жай сөздін орнына оның ауыс мағынасын білдіретін сөздердін қолданылуы. Мысалы: арыстан - аң патшасы, жылан - аты жаман, уры - қолы жылдам. сөздін сөз тізбегінін мәнін басқаша түсіндіріп жеткізу мәтінде мен деудін орнына осы жо ...

Парашютпен түсетін десант

Парашютпен түсетін десант - жеке құрамның, ұрыс техникасы мен материалдық заттардың бір бөлігі қарсыластар тылына парашютпен түсірілетін, ал кону тобын құрайтын қалған белігі ұшақтан, тікұшақтан немесе планерден түсетін әуе десанты әскерлерінің б ...

Парашютті десант

Парашютті десант - қарсыластың тылында ұрыс қимылдарын жүргізу үшін, сондай-ак қонушы десанттгардың түсуін қамтамасыз ету мақсатында оның аэродромын басып алу үшін әскери-коліктік ұшақтардан парашютнен түсірілетін арнайы дайындалған ескерлер. Қон ...

Парақорлық

Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның, өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе ...

Парестезия

Парестезия - жалған сезім. Ерін, таңдай, тіл шырышты қабығының әр жерінде өзінен-өзі пайда болатын шаншу, қызу, шымырлау сезімдер.

Париж бітім конференциясы

Париж бітім конференциясы – 1-дүниежүзілік соғысты қорытындылауға арналған халықаралық конференция. 1919 жылы 18 қаңтар – 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өтті. Оған соғысқа қатынасушы барлық елдердің 1000-нан астам өкілі қатысты. Негізгі мәселелер ...

Париж Коммунасы көшесі (Алматы)

Көшеге 1871 жылғы көтерілістің, XX ғасырдағы Еуропадағы революциялық оқиғалардың алғашқы жаршысы Париж коммунасының, атауы 1956 жылы берілген. Көше Тұрксіб ауданында орналасқан. Шолохов көшесінен басталып, Свирск көшесіне дейін созылып жатыр. Ста ...

Парк

Парк қоғамдық жолаушылар тасымалдау көліктері тұратын және оларды техникалық жөндеуден өткізетін автокөліктік кәсіпорын. әқ-дәрі қорлары, инженерлік құраддары, өткелден өту құралдары бар тылдық бөлімдер мен бәлімшелер. әскери техниканы сақтау тұр ...

Паркет бұйымдарын жасауға арналған жабдықтар

Паркет бұйымдарын жасауға арналған жабдықтар - дөңгелек аралы жалпы жұмысқа арналған білдектер, бойлай-жоңғылайтын төртжақты білдектер, шеттерін теңейтін білдек, паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек.

Паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек

Паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек - тақтайшалардың алдыңғы және сырт беттерін долбарлап және таза жоңғылауға, оң және сол бойлау жиектерінде ойықтарды және тарақтарды қалыптастыруға, сонымен қатар тақтайшаларды ұзындығы бойынша шетжақтау және ...

Парламент аралық одақ

Парламент аралық одақ -халықаралық үкіметтік емес ұйым, үлттық парламент өкілдерінің топтарынан тұрады. 1889 ж. Парижде құрылган. Штаб-пәтері Женевада орналасқан.

Парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

Парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату - ҚР Президенті мына жағдайларда: 1) Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде; 2) Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде; 3) Парламенттің Палаталары арасындағы немесе ...

Парламентаризм

Парламентаризм - парламенттің өкілетті және заңшығарушы орган ретіндегі басым рөлін мойындайтын, заңшығарушы және атқарушы билік қызметтері толық нақтыланған мемлекеттік билік жүйесі. Парламентаризм жағдайында парламент өз алдында жауапты үкіметт ...

Парламентті тарату

Парламентті тарату - парламентарлы мемлекеттердегі, сондай-ақ, аралас типтегі республикалардағы мемлекеттік билікті конституциялық жүзеге асыру әлементтерінің бірі.

Пародонт

Пародонт - тісті қоршап тұрған тканьдер жиынтығы. Яғни бұғаң қызыл иек, тіс ұяшығының сүйегі, периодонт және тіс цементі жатады.

Пародонтит

Пародонтит - қанжел, пародонт тканьдерінің қабынуы. Нерв, қан тамыр, иммунды жүйелердің өзара реттеушілік қасиеттерінің бұзылып, микробтарының әсерінен қызыл иек ісіп, тіс түбірі босап, жақ сүйектері ұяшығының ернеуі іріңдеп, тістер қаусап түсеті ...

Пароксизм

Пароксизм - спазмалық ұстама немесе селкілдек, яғни қайсыбір аурудың кенеттен ұстап, асқына қысымдайтын, күшейе булықтыратын күйі; аурудың немесе эмоцияның бұзылуының кенеттен күшеюі немесе күйзелген эмоцияның қиын түрі; ашу немесе ыза ұстамасы.

Пароль

I. Пароль – 1) қарауылдық қызметті атқаруда қолданылатын бекітілген құпия сөз. Қарауылдық және гарнизондық қызмет жарғысында ол әрбір жеке қарауылға, әр күн сайын қандай да бір атау сөз түрінде бекітіледі. Пароль ауысымға келген қарауылдың дәл со ...

Паронимдер

Паронимдер орыс. паронимы - дыбыс|талуы жақын, бір түбірлес, жалпы грамматикалық белгілері ортақ, қолданылуында мағыналық ерекшеліктері бар сөздер. Мысалы: бастық - басшы. рәсім - ресім, жарғы - жарлық,

Паропамиз

Паропамиз – Ауғанстанның солтүстік-батысындағы тау жүйесі. Ұзындығы 600 км, ені 250 км-дей, орташа биікт. 3000 – 3500 м. Негізінен әктас және тақта тастардан, ал оңтүстігі мен шығысы гранит пен гнейстен түзілген. Банди-Түркістан, Хисар, Сафедкох, ...

Паротит

Паротит - мысқылмен ауырып жүрген адаммен қарым-қатынас жасағаннан кейін мұнымен ауырмаған адамда 2 немесе 3 аптадан кейін оның алғашқы белгілері байқала бастайды. Бұл ауруда дене қызуы көтеріледі және жұтынғанда немесе тамақ жеген кезде ауырады. ...

Паротитті инфекция

Паротитті инфекция, эпидемиялық паротит – негізінен құлақ маңы сілекей бездерінің қабынуынан болатын вирусты жұқпалы ауру. Бұл аурумен 3 – 15 жас аралығындағы балалар жиі ауырады, ересек адамдарда сирек байқалады. Қоздырғышы – паромиксовирус тобы ...

Парси аруз

Парси аруз - араб поэзиясының негізінде қалыптасқан араби аруз уәзінінің парсы әдебиетінде өктемдік етуінен туындаған өлең өлшемі. Арабтардың парсыларды жаулап алысымен оларды ислам дініне күшпен енгізгені Наршаһидың "Бұқара тарихы" 19 ғ. еңбегін ...

Парсы тілі

Парсы тілі, - Үнді-Еуропа тілдік семьясы иран тобының оңтүстік-батыс тармағына жатады. Иран Ислам Республикасының ресми тілі. Орта ғасырларда әдеби тіл ретінде Иранмен шекаралас жатқан Ауғанстанға, Орталық Азияның кей өңірлеріне, Үндістан мен Әзе ...

Парсы шығанағы мұнайлы-газды алабы

Парсы шығанағы мұнайлы-газды ауданы, Месопотамия бассейні – Шығыс жарты шардағы аса ірі мұнайлы-газды өңірлердің бірі. Солтүстігінде Шығыс Тавр бөктерінен басталып, оңтүстік-шығысы Араб теңізіне дейін 2500 км-ге созылған; ауданы 2.93 млн. км², он ...

Парсы әдебиеті

Парсы әдебиеті, екімыңжылдық тарихты қамтиды. Парсы әдебиеті тарихын шартты түрде 4 дәуірге топтастыруға болады: 1) ежелгі әдебиет алғашқы қоғамдық құрылыстан б.з. 3 ғ-ына дейін; 2) орта ғасырдағы сөз өнері 4 ғ-дан 17 ғ-дың ортасына дейін; 3) жаң ...

Партизан көшесі (Алматы)

Көшеге Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жауынгерлер отряды түрінің атауы берілген. Көше Түрксіб ауданында орналасқан. Орджоникидзе көшесінен басталып, Физули көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Көшенің ұзындығы - 800 метр.

Партизандық ұрыс қимылдары

Партизандық ұрыс қимылдары - қарсылас басып алған аумақтағы нартизандар топтарының жүргізетін ұрыстык кимылдары. Партизандық ұрыс қимылдары карсыластың тірек пункттеріне, штабтарына, әскер легіне және әр түрлі объектілеріне түтқиылдан соқкы беру ...

Партитив

Партитив - 1. парциалдық мағынасындағы септік, бөлшектің бүтінге қатысы; 2. бүтін компоненттің бөлігін білдіретін синтаксема ; қазақ тілінде: Ауыл қара киіз үйлерден тұрады).

Парус (журнал)

"Парус" – әлемге танымал шетел авторлары мен енді танылып келе жатқан кеңес авторларының көркем шығармаларын жариялайтын кеңестік, бүкілодақтық жастар журналы. Таралым саны 1 миллион данаға дейін жеткен. Журнал аудиториясы – жастар. Минскіде шыға ...

Парыз

Парыз - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру. Парыз өз ішінде "айн" және "кифая" болып екіге бөлінеді: "Айн парыз" - әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, ө ...

Пассатаралық қарсы ағыс

Пассатаралық қарсы ағыс, экваторлық қарсы ағыс –– Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар арасындағы мұхиттардың төменгі ендіктеріндегі беткі орын толтыратын ағыстар. Тымық зонада жел өрісінің біркелкі болмауының нәтижесінде дамиды. Бағыты баты ...