ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 223

Оспанов атындағы көше (Алматы)

Көшеге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Парламент Мәжілісінің бірінші спикері, экономика ғылымдарының докторы Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың есімі берілген. Көше Медеу ауданында орналасқан. Ладушкин көш ...

Остеодисплазия

Остеодисплазия - жалпы сүйек тканінің дамуындағы кемістік. Балалар ауруына жатады. Мұнда "Херувизм" ауруының белгілері тәріздес төменгі жақ сүйегінің бұрыштары симметриялы түрде ерекше үлкейіп, бет пішіні өзгереді.

Остеодистрофия

Остеодистрофия - сүйек тканінің семуі - бұл зат алмасу процесінін, бұзылуынан ішкі ағзалардың жеткіліксіз қоректенуінен және қалқан бездерінің ауруға шалдығуынан болады. Ол организмде минералды тұздардың азаюынан сүйек қаттылығының нашарлауына со ...

Остеосклероз

Остеосклероз - сүйек тканінде түзілу процесінің басым болуынан сүйектің қатаюы. Сүйек сынғанда секвестрация кезінде пайда болады.

Остит

Остит - сүйек майы мен сүйек қабығына тарайтын сүйектің қабынуы. Жарақат, туберкулез, актиномикоз және іріңдеткіш микробтардың салдары сүйектің қабынуына әкеледі, остит жедел және созылмалы болып бөлінеді.

Остроумов атындағы көше (Алматы)

Көшеге дәрігер, ғалым, терапевт Апексей Семенович Остроумовтың есімі берілген. Ол - Мәскеу университетінің профессоры. Физиотерапия, климатотерапиямен емдеу және демалыс орындарында сауықтыру тәсілдерін енгізген. Көше Түрксіб ауданында орналасқан ...

Осьтер жүйесі

Осьтер жүйесі – өлшеулерді алдын ала берілген дәлдікпен белгіленген әдістеме бойынша орындауға арналып құрастырылған маркшейдерлік-геодезиялық аспаптардың вертикаль немесе горизонталь механикалық осьтерінің жүйелері төрт түрге бөлінеді: 1) аспапт ...

От тілі белгісі

От тілі белгісі. Бұл балалардың тісі созылмалы периодонтит ауруына шалдыққанда байқалады. Тістің төбетүп бөлігін, жақ сүйек тканін қабыну процесі түгел қамтығанда тіс түбір тканьдерін рентгенмен қарағанда көрінетін жалын тәріздес ауруга тән көріпіс.

Оталдырғыш

Оталдырғыш - бастапқы қозғаушы күштің көмегімен жарылғыш дәрінің атылуын қамтамасыз ететін құрал. Өнеркәсіпте оталдырғышты капсуль-детонатор деп атайды.

Отан алдындағы қасиетті борышты абыроймен орындайық (мақала)

Отан алдындағы қасиетті борышты абыроймен орындайық – Қаныш Сәтбаевтың мақаласы. Мұнда КОКП-нің XX съезінің бағдарламаларын іске асыруды қолдап жазған. Қазақстан Кеңес Одағының сарқылмас "қоймасы" ретінде танылып, хромның, ванадийдің, мыстың қорл ...

Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері

А.Л.Ж.И.Р. - cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімше ...

Отаныма борыштымын (мақала)

Отаныма борыштымын –Қаныш Сәтбаевтың Сталиндік сыйлық лауреаты дипломын алғаны үшін алғыс білдіріп жазған мақаласы. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Қызыл Армияны Жезқазғанның мысы және марганецінен жасалған қарумен қаруландырғанынан, жұмсалған ең ...

Отақты көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №47 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Отақты көшесі Талғар көшесінен басталып, Обаған көшесін қиып өтіп, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 615.2 м. Отақты - жер атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамында ошақ қасиетті де, қастерлі дүние ...

Отечественные записки

"Отечественные записки" − ХІХ ғасырдағы орыс әдеби журналы. 1818-1884 жылдары Санкт-Петербург қаласында жарық көріп отырады. 1818 жылы тарихшы және жазушы П.П. Свиньин негізін салған. 1820 жылдың басында тарихшы, журналист, жазушы Н.А. Полевой жу ...

Отставка

Отставка - офицерлерді, генералдар мен адмиралдарды белгілі бір жасқа жеткенде немесе денсаулығына байланысты әскери қызметтен босату. Мұндай жағдайда олар әскери есептен алынып, өмірлік зейнетақы тағайындалады. Айрықша белгілері барларга әскери ...

Оттегінің қан арқылы тасымалдануы

Оттегінің қан арқылы тасымалдануы - бұл негізінеп қанның қызыл тұйіршігінің құрамындағы гемоглобин мен оксигемоглобин күйінде тасымалданады.

Оттекті тұздар

Қышқыл ішіндегі сутектің орнын металл алатын болса, сондай қосындыны тұз деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда қышқыл қалдығы мен металдың химиялық қосындысы тұз болып табылады. Қышқылдардың оттекті түрлері де, оттексіз түрлері де болатынын білеміз. ...

Отты кесектер көшкіні

Отты кесектер көшкіні - жанартау күлдерінің, газ аралас ыстық лава кесектері мен жақпартастарының жанартау етегіне қарай жаппай құлдилауынан туындайтын көшкін. Отты кесектер көшкіні әдетте жанартау көмейінен сығыла көтерілген тұтқыр лава денелері ...

Отыз жетінші темір жол айырмасы

Отыз жетінші темір жол айырмасы, Темір ауылддық округі аумағындағы темір жол айырмасы. Темір ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Орынбор - Ташкент темір жолының Арыс - Түркістан темір жол телімінде. Тұрғыны 0.05 мың адам. Станцияда темір ...

Отызыншы Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы

Отызыншы гвардиялық атқыштар дивизиясы, 1941 ж. наурыз айында Семей, Өскемен, Алматы қалаларында жасақталған. Алғашында 238-атқыштар дивизиясы деп аталды. 1942 ж. 24 мамырда О. г. а. д. болып қайта құрылды. Дивизияның алғашқы командирі ген лейтен ...

Отын-энергетикалық кешен

Отын-энергетикалық кешен - түрліше сипаттағы бастапқы отын және энергетика қорларын өндіру мен өңдеуді жүзеге асыратын, сонымен қатар осы бастапқы энергия қорларын жылу, электр энергиясына немесе мотор отынына айналдыратын өнеркәсіп салаларының ж ...

Отынның ылғалы

Отынның ылғалы - отынға байланысы жоқ ылғал. Лабораторияда кептірілген отында қалған ылғалды гидроскоптық ылғал деп атайды, ал кеуіп кеткен ылғалды сыртқы ылғал дейді. Осы екі ылғалды отынның жұмыс ылғалы деп атайды. Отынның жұмыс ылғалының мөлше ...

Отырар көшесі (Астана)

Отырар көшесі Республика даңғылынан басталып, Абай даңғылында аяқталады. С.Торайғыров, М.Ғабдуллин, Ш.Иманбаева, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 1861.7 м. Отырар - VIII ғасыр басынан "Тарбанд" деген атаумен белгілі. ...

Отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитет

Отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитет – үкіметтік мекеме. 1930 ж. қаңтарда Қазақ АКСР-і ХКК-нің жанынан құрылған. К-тке көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру, мал, егін ш-тарын жедел дамыту, отырықшыланған аудандарға ...

Отырықшылық

Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары ме ...

Отырғызу пункті

Отырғызу пункті - эвакуацияланған халықты ұйымдасқан түрде көліктерге отырғызып жіберуге арналған пункт. Ол темір жол станцияларында, кемежайларда эвакуациялық жиын пунктіне жақын жерде ұйымдастырылады. Автомобиль кәлігіне отырғызу пункті эвакуац ...

Офиолитті белдеулер

Офиолитті белдеулер - қатпарлы атыраптың сағалануына сәйкес бағытталған тектоникалық блоктар мен линза тізбектерін құрайтын, ультранегізді және негізді құрамды плутонды, жанартаутекті және тереңсулы шөгінді таужыныстардың ассоциацияларымен сипатт ...

Очерк мақсаты

Очерк мақсаты – ақпаратты қызғылықты етіп және байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Очерк журналистің құрғақ фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көрк ...

Ошақ (ойын)

Ошақ - ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар жиылып келіп, кең алаңқай жерді таңдап алады да, қатынасушылар түгел сиятындай етіп, үлкен төрт бұрыш сызады. Енді ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Төрт бұрышты "Ошақ" деп атайды. Ошақтың ішінд ...

Ошақтық сумен тоғыту

Ошақтық сумен тоғыту. Игеру нысанының нашар керізденетін үлескілеріне әсер етуді арттыру мақсатында жекелеген ұңғымаларды тоғыту шараларын көздейтін сумен тоғыту тәсілі. Көбінесе сумен тоғыту тәсілінің басты түріне қосымша тәсіл ретінде қолданылады.

Ою-өрнек түрлері

Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ ;гүлді өрнектер ;торлы ою-өрнектер ;геометриялық ;зооморфтық ;көкөніс.қиял-ғажайып өрнектер.Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе таб ...

Ою-өрнек үлгілері

"Жұлдыз" - өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды. Жұлдыз бейнесі копмозицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі."Жұлдызгүл" - бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды."Күн" - ою-өрнегі күнді меңзейді ...

Оюшы

Оюшы – әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы; сырмақ, текемет, түскиіз, аяққап, кесеқап, төсекқап сияқты үй жиһаздарына ою ойып, өрнек салатын шебер. Халық мұндай адамдарды оюшы деп атайды. Ертедегі қазақ оюлары мазмұны жағынан 3 түрлі ұғымды: бірінші ...

Оғыланды

Оғыланды – Үстірттің оңтүстік сілеміндегі киелі орын. Бекет ата мешіті осы қасиетті орынға жақын орналасқан. Ел арасында сақталған аңыздарға қарағанда, Бекет атаны осы жерден мешіт салуға бастап келген де Оғыланды екен. Оғыланды түркі сөзі, ол ұл ...

Оғыланды орамы (Астана)

Оғыланды орамы. Бұрынғы атауы Проектный қысқа көшесі. Оғыланды орамы С.Мұхамеджанов көшесінен басталып, А.Байтұрсынов көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 630 м. Оғыланды - Үстірттің оңтүстік сілеміндегі киелі орын. Бекет ата мешіті осы қасиетті орынғ ...

Оқ

Оқ – оқатар қаруынан атылатын патронның бас бөлігі. Оқты ату патронның оқ-дәрі қуатының есебінен жүргізіледі. Нысананы сенімді жою үшін оқтың нақты қаруға тән барлық қашықтықтарында жеткілікті жою күші, тескіш және арнайы әрекеті болуы керек. Қаз ...

Оқ әсері

Оқ әсері - белгілі нысанаға, тосқауылға тию кезіндегі оқ әсері. Оқ әсері жанды нысана бойынша - қиратқыш, тоқтататын, бүйірден ; тосқауыл бойынша - тесіп өткіш, еніп кететін және өртегіш болып бөлінеді.

Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сақтау

Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сақтау - оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ұзақ уақыт бойы белгілі мақсатта пайдалануға дайын күйінде ұстап тұруға қажетті шаралар жиынтығы. Арнайы сақтайтын орындарда, қоймалар мен базалардың арсеналдарында сақталады. К ...

Оқ-дәрі шығыны

Оқ-дәрі шығыны - белгілі бір ұрыс міндеттерін орындау үшін шығындалатын немесе нақты шығындалған атыс саны. Нақты атыс міндетін орындау үшін оқ-дәрі данамен есептеледі. Белгілі бір уақыт ішіндегі атыс міндеттерін орындау үшін оқ-дәрі шығыны ұрыс ...

Оқ-дәрі әсері

Оқ-дәрі әсері - ұрыста қолдану кезіндегі оқ-дәрінің шығаратын тиімділігі. Оқ-дәрі әсері - жандырғыш, кумулятивті, жарықшақты, екпінді, фугасты, жарықтандырғыш, белгі беруші, кедергі типтес және басқалар болып бөлінеді.

Оқ-дәрілер жиынтығы

Оқ-дәрілер жиынтығы - бір қаруға немесе ұрыс машиналарына қондырылған оқ-дәрілер мөлшері; оқ-дерілермен қамтамасыз ету және олардың ұрыс тапсырмасын орындау кезіндегі қажеттілігін есептеу, жабдықтау бірлігі. Бөлімшелер, бөлімдер, кеме, құрама, бі ...

Оқ-дәрілерді таңбалау

Оқ-дәрілерді таңбалау - бояумен оқ-дәрі элементтеріне және олардың сауытына жағылатын шартты белгілер немесе жазулар жүйесі. Белгілермен және ерекшелендіретін бояуларымен бірге оқ-дәрілерді таңбалау оқ-дәрілерді пайдалану мен олармен жұмыс істеуд ...

Оқ-дәрінің кумулятивті әсері

Оқ-дәрінің кумулятивті әсері - зарядтың жарылғыш заттарының және жаңарту материалдарының шоғырландырылған нысаналарды жоюға арналуы.

Оқа

Оқа – жібек және зер жіптерден өрнектеліп тоқылған көмкерме. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұлттық киімдер оқамен көмкерілген. Қазақ шеберлері камзол, бешпент, шапан, т.б. киімдердің жағасын, жеңін, омырауын оқамен әшекейлеп, ұлттық ою-өрнектерді жоғар ...

Оқас Нақысбеков

Оқас Нақысбеков - тіл білімі маманы, филология ғылымы докторы. Түрген педучилищесін бітірген. 1945-1947 ж. Шелек ауданы бастауыш мектебінің мұғалімі. 1947-1951 ж. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтында оқыды. 1951 жылдан бастап ҚР ҒА А.Б ...

Оқжатар

Оқжатар - атыс қаруындағы патрондар орналасатын және оны ұңғыға жіберу алдында айдауыш сызығына жылжытатын арнайы құрылғы. Оқжатардың пайда болуы қарудың ату жылдамдығын айтарлықтай көтерді. Оқжатар атыс қаруының әр түрлі калибрлерінде, сондай-ақ ...

Оқжетпес көшесі (Астана)

Бұрынғы атаулары Бесағаш, К.Станиславский, Оқжетпес көшелері. Оқжетпес көшесі Тамшалы, Т.Жароков, Әулие ата, Ш.Бөкеев, Медеу, Орда, А.Чехов, Жалын, Ақан сері, А.Байтұрсынов, Ш.Бейсекова, С.Мұхамеджанов, Мұзтау көшелері қиып өтіп, А.Затаевич көшес ...

Оқиға

Оқиға – қалыпты өмір ағымындағы өзгеріс, санаға сілкініс әкелетін жәйт; құбылыстың, әрекеттің өту барысы.Азаматтық құқықта – адамның еркі мен санасынан тыс, өзіндік себептерден туындайтын факт. Оған адамның тууы, қайтыс болуы, табиғи немесе техно ...

Оқиға болған жер

Оқиға болған жер - тексеріліп жатқан кұқық бұзушылық орын алған, оған дайындық жүргізілген және іздер анықталған жер.

Оқпан

Оқпан – кен орнын ашу мен жер асты жұмыстарына қызмет етуге арналған жердің бетіне тік немесе көлбеген шығысы бар күрделі кен қазбасы. Кейбір жағдайларда оқпандар ашық кен жұмыстарында сутөкпе, желдеткіш, пайдалы қазбаларды көтеріп шығару үшін де ...