ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 164

Командир шешімі

Командир шешімі - нақты қалыптасқан ұрыс жағдайында командирдің ұрыстық міндеттің маңызы мен оны орындау тәсілдерін анықтауы. Командир шешімінде мына жайттер қарастырылады: қарсыластың қай нысаналары аса маңызды, оны құрту үшін қандай құралдар жә ...

Комбинациялық қосындылауыш

Комбинациялық қосындылауыш - 1) комбинациялық схемалардың көмегімен кірістік қосылғыштардың сигналдарын қосылгыштардың сандық мәндерінің қосындысына тең сандық мәңдері бар сөзге түрлендіретін қосындылауыш; 2) бастапқы қосылғыштардың шарттаңбалары ...

Комбу

Комбу - қоңыр-жасыл түсті, жалпақ қалың жапырақты теңіз балдырлары. Құрамында минералдық заттар мол. Көкөністер мен бұршақтармен қосып тағамдар әзірлейді. Тағамға хош иіс беру үшін бірнеше рет қолдануға болады.Сұйықтардың тығыздығын құрамындағы қ ...

Коменданттық жол қызметі

Коменданттық жол қызметі - әскери-көлік жолдарында әскери қозғалысқа үздіксіз басшылық жасалуын қамтамасыз ету, оларда тәртіптін сақталуы, жол ережелерінің сақталуын бақылау және бүркеніш жасау шараларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылатын қ ...

Коменданттық сағат

Коменданттық сағат - төтенше жағдайлар уақыты жағдайында тиісті елді мекеннің, қаланың көшелерінде арнайы берілген рұқсат қағазсыз жүруге тыйым салынуы.

Коменданттық қызмет

Коменданттық қызмет - әскерлердің белгіленген уақытымен және жасырын қозғалысын, шоғырлануын, ұрыстық ретке жайылуы мен орналасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олар орналасқан аудан мен ұрыс қимылдарындағы жалпы тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастыр ...

Коменданттық-жол ауданы

Коменданттық-жол ауданы - 1970 жылдары құрылған, бірнеше әскери-көлік жолдары. Коменданттық-жол ауданының негізінде коменданттық-жол бөлімі коменданттық-жол қызметін ұйымдастырып, жұмыс жасаған. Бұл бөлім командирі коменданттық-жол ауданының коме ...

Комиссар Рекс

Комиссар Рекс – полицияда қызмет ететін Рекс атты неміс овчаркасының бастан кешкендері туралы Германия мен Австрияның бірлесіп шығарған хикаяты. Хикаят 1994 жылы қарашада алғаш рет экранға шығады. Хикаят елу шақты елге танымал, бірнеше жүлде иеге ...

Комиссионер

Комиссионер - сауда келісімдеріндегі делдал; белгілі ақыға комитенттің пайдасына және соның есебінен, бірақ өзінің атынан сауда тапсырыстарын орындайтын адам.

Комиссия

Комиссия - 1. Банк және сауда практикасында - клиенттің тапсырысы бойынша және соның есебінен орындалатын операцияларды жасағаны үшін коммерциялық банкке төленетін төлем. 2. Бір тараптың комиссионер екінші тараптың тапсырмасы бойынша, комитенттің ...

Коммерциялық география

Коммерциялық география - жеке елдер, дүние жүзі аймақтары және бүкіл Жер шары ауқымында коммерциялық іс-қимылдың қажетіне сәйкес географиялық мәліметтерді жинап, жүйелейтін экономикалық географиядағы бағыт. Коммерциялық география XVIII ғасырда па ...

Коммерциялық сатып алу

Коммерциялық сатып алу - коммерциялык немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өзінің қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін оған мүліктік си ...

Коммерциялық құпия

Коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқ ...

Коммунарлық әдістеме

Коммунарлық әдістеме - балалар мен үлкендер ұжымын ізгілік қағидалары негізінде қалыптасуы мен шыгармашылық дамуын қамтамасыз ететін жагдайлар, әдістер, жолдар мен тәрбие түрлерін ұйымдастыру жуйесі. Рес. Фед. 20г. 50-жылд. И.ГІ. Ивановпен оның п ...

Коммуникативті кері байланыс

Коммуникативті кері байланыс – коммуникациялық үрдіс элементі. Коммуникаторлық қатынаста рецципиент тарапынан әсер ету немесе өзіндік ақпарат беру. Коммуникативті кері байланыс сондай-ақ радио мен теледидарда аудиторияның нақты санын анықтау үшін ...

Коммуникативтілік

Коммуникативтілік - кейбір бинарлық логикалық және математикалық операциялар немесе функциялардың сол заттарға пайдаланылған операциялардың кейінгі ретпен алынған нәтижесі, қасиеті.

Коммуникатор

Коммуникатор – БАҚ жүйесіндегі шығармашылық топ. Ол радио және теледидар хабарлары, фильмдер мен баспа мәтіндері түріндегі хабарламалар дайындаумен айналысады. Сондай-ақ коммуникатор деп жарнамалық коммуникацияны іске асыратын фирма немесе жеке т ...

Коммунистік еңбек

Коммунистік еңбек - 1. тар мағынада жетілген коммунист қоғамдағы қоғамның пайдасына ақысыз істелетін, нормадан сырт ерікті еңбек; 2. кең мағынада - социалистік қоғамдағы еңбектің коммунистік еңбекке ұласуының алғышарттарының жиынтығы.

Коммунистік Партияның Манифесті

Коммунистік Партияның Манифесті, Коммунистік одақтың тұғырнамасы болу үшін 1848 жылы К.МАРКС ПЕН Ф.ЭНГЕЛЬС жазған памфлет. Онда индустриалау басқарушы капиталистік топ пен жоқшылық күйін кешкен ПРОЛЕТАРИАТ арасындағы тұңғиықты тереңдетіп жіберген ...

Коммутация

Коммутация - құрылғыларды бір-бірімен ауыстырып қосу арқылы керекті байланыстарды іске асыру; құрылғыларды сұрыптау және олармен байланыс орнату. Қашықтағы терминалды компьютерге жалғастыру. Коммутация лат.commutatioөзгеріс, алмасу - тілдін екі т ...

Компания

Компания - заңды тұлға статусына ие сауда, өндіріс, көлік, сақтандыру және т.б. кәсіпкерлердің бірлестіктері. Мұндай бірлестік қатысушыларының жалпылай белгіленуі фирманың ресми басшысының атына қосылады.

Компаративтілік

Компаративтілік - мәдениеттануда салыстырмалы зерттеу арқылы мәдениеттегі жалпы және ерекше құбылыстарды анықтау, ондағы даму тенденциясын айкындау әдісі. Компаративтілік әдісіне жататындары: тарихи-генетикалық салыстыру құбылыстардың ұқсастығы о ...

Компенсаторлар

Компенсаторлар - сыртқы жүктемелердің, ішкі қысымның және температураның өзгеруі салдарынан пайда болатын бойлық кернеуді теңгеру арқылы құбыр желілерінің жылжытылуын жүзеге асыратын құрылғылар. Компенсаторлар ретінде құбыржелісінің иілген, майыс ...

Комплекс қосындылар және қос тұздар

Комплекс қосындылар және қос тұздар. Біз жоғарыда көбінесе екі элементтен тұратың қосындыларды талдадық. Енді онан көрі күрделірек - комплекс қосындыларды қарастырайық. Химиядан белгілі комплекс аниондар минералдар арасында да көп кездеседі. Комп ...

Компоненттік талдау

Компоненттік талдау – тілдік бірліктерді басқа тілдік бірліктердің дәрежесін бір-бірінен ажырататын дифференциалдық белгілері арқылы ұсақ құрастырушыларға бөлудегі зерттеу мен сипаттау тэсілі.

Компоненттік талдау әдісі

Компоненттік талдау әдісі - мағыналы тіл бірліктерінін мазмұндык жағын зерттеу әдісі. Оның мақсаты мағынасынан кіші семантикалық бөлшекгерін ажырату. Компоненттік талдау әдісі алғашында лексиканы зерттеуде әр түрлі тілдердегі лексикалық бірліктер ...

Компост

Компост - Қоспа шірінді. Өсімдік пен жануарлар тегінің қоспасы, оларды тыңайтқыш ретінде пайдалануға шіріту үшін қалдырады. Шөп, түскен жапырақ, көкөніс қалдықтары, құс саңғырығы, кең, осылардың бәрі жақсы шірінді тыңайтқыш.

Компрессорлық станция

Компрессорлық станция - газды тасымалдағанда және сақтағанда оның қысымын жоғарылатуға арналған қондырғы. Орындайтын жұмыстарының түріне қарай басты компрессорлық станция, газдың арналық желісінің бағдарлы компрессорлық станция, жерасты газ қойма ...

Компьютердің құрылғылары

Компьютердің құрылғылары, жарг. "темір") - электрондық және/немесе Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері. Компьютердің құрылғылары - электрондық, электрлік ж-е механикалық құрылғылардың кешені. Компьютердің құрылғыларының қатарына: - компьют ...

Компьютерлік сауатсыздықты жою

Компьютерлік сауатсыздықты жою - компьютерлік сауатсыздықты жою үшін мектептегі білім беруді, жаңа оқу бағдарламаларын жасауды, педагогтар мен мүғалімдердің біліктілігін көтеруді, мектептерді есептеуіш техникамен, арнайы бағдарламалау жүйелері жә ...

Компьютерлік сауаттылық

Компьютерлік сауаттылық - практикалық жұмыстарда компьютерді қолдану біліктілігі. Қазіргі кезде іскерлік пен білім салаларында міндеттілікке айналды; белгілі бір саладағы мәселелерді шашу жолында компьютерді қолдану үшін керекті мүмкіндіктер мен ...

Компьютерлік терім

Компьютерлік терім - басылым мәтінін баспа жүйесі кешенінде электронды есептеу машинасын қолдану арқылы теру. Мұнда терім жолдарын тұйықтау, техникалық редакциялау және мәтінді түзету, беттеу процестерінің атқарылуы қамтамасыз етіледі.

Компьютерлік түске бөлу

Компьютерлік түске бөлу - автоматтандырылған оптикалық-электрондық құралдармен баспа жүйесі кешенінің электрондық есептеу машинасының көмегімен атқарылатын түрлі-түсті бейнесуретті түстеу процесі. Бұл процесс бұрын қалыптасқан классикалық түстеу ...

Компьютерлендіру

Компьютерлендіру - компьютерлерді жасап шығару және оларды әлеуметтік, экономикалық және рухани өмірдің барлық саласында қолдану процесі. Компьютерлендіру өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы, басқару және телекоммуникация жүйелеріндег ...

Комсомол (Салауат ауданы)

Басқа мағыналар үшін Комсомол деген бетті қараңыз. Комсомол - Башқұртстанның Салауат ауданындағы ауыл, Янгантау ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 199 адамды құрады. Пошта индексі - 452492, ОКАТО коды - 80247875003.

Конвейерлендіру

Конвейерлендіру - процессордың бірнеше ішкі құрылғының бірбіріне тәуелсіз және қатарласа жұмыс істеу мүмкіндігі. Процессордың өнімділігін арттырады. К. 286 және 386 процес сорларда қолданылған. Жадқа конвейерлік қатынас құруда алдыңғы команда оры ...

Конвенциялық баждар

Конвенциялық баждар - мемлекеттер арасындағы шарт немесе келісім бойынша белгіленетін кеден баждары; конвенциялық баждар мөлшерлемелері, әдетте, мемлекет бір жақты белгілейтін жай тарифтен төмен болып келеді.

Конвергентті қосақ

Конвергентті қосақ – тангенциальды қозғалыстардың шеткі аймақтардан орталық өңірге қарай жылжуы нәтижәсінде қалыптасқан қатпарлы егіз жүйенің бір-бірімен тоқайласу пішіні. Термин авторы Обуэнның, тошпылауынша, бұл жағдайдағы кұрылымдар табиғаты о ...

Конвертор

Конвертор мәліметтерді бір пішімнен басқа пішімге түрлендіруді жүзеге асыратын бағдарлама. сигналдар деңгейін түрлендіруге, мәліметтерді жеткізу жылдамдығын және бір тасуыштан екінші тасуышқа өтуін өзгертуге арналған құрылғы;

Конвульсия

Конвульсия - Тырысқақ. Бақыланбайтын ұстама дерт. Мидың қабынуы немесе қояншық кезінде дененің бір бөлігінің не бүкіл дененің кенеттен селкілдеп кетуі.

Конгломерат

Конгломерат - құрамында үлкендігі әр қилы және түрлі жолмен пайда болған құм, жұмырланған қиыршық тас, қой тас сияқты қоспалары бар цементтелген малта тас түрінде кездесетін кесек тау жынысы.

Конденсат

Конденсат – 1) газдың немесе будың конденсациясы нәтижесінде түзілетін сұйықтық; 2) мұнай химиясында – газды конденсаттың тез қайнайтын, көмірсутектерден тұратын бөлігі. Мұнай геологиясында: жер бетіне тән термодинамикалық жағдайда сұйық түрінде ...

Конденсат қайтару

Конденсат қайтару - газ - конденсат немесе мұнай - газ - конденсат кен орындарынан газ конденсатын бөліп алудың дәрежесін сипаттайтын шама. Өтпепі конденсат қайтару және ақырғы конденсат қайтару болып ажыратылады. Конденсат қайтаруды есептік баға ...

Конденсатогендік су

Мұнай мен газ жатындарының қалыптасуы барысында су буларының конденсациялануына байланысты туындай отырып, тереңірек деңгейлерде біршама мол минералданған суларға ауысуға бейім нашар минералданған су.

Конденсатты жатын

Конденсатты жатын С 5 +жоғары құрамды көмірсутектер мөлшері жатын көлемінің 4 пайыздан астамын құрайтын бірфазалы газ жатыны. Бұл көрсеткіш жатындағы конденсат мөлшері 250 см 3 /м 3 шамасынан артығырақ болуына сәйкес келеді.

Конденсацияланған су

Конденсацияланған су - тау жыныстарының қуыстарындағы және тау-кен қазбаларындағы атмосфералық ауада болатын су буларының конденсациялануы жолымен пайда болатын жер асты суы.

Конденсациялық су

Конденсациялық су. Оның жаралуы атмосфералық ылғалдың "таужыныстар кеуектері мен жарықшақтарында шөл далатемпературасының тәуліктік күрт ауытқулары жағдайында конденсациялануымен түсіндіріледі.

Конденсациялық теория

Конденсациялық теория - бұл теория бойынша барлық жер асты сулары, олардың белгілі бөлігі будың суға айналуынан пайда болады. Бұл тау жыныстары бөлшектерінің арасындағы жарықшалар мен бос орындарды ауаның толтыруына және қысымдар айырмашылығының ...

Кондилома

Кондилома - Кондилома көп қабатты жазық эпителий мен оған астарлас строманың бүрлі ұлғаюы. Түріне қарай сүйір ұшты және жалпақ кондиломаларды мерез) ажыратады.

Кондуктивтік педагогика

Кондуктивтік педагогика - мүгедек, мүмкіншіліктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге бағдарланған педагогикалық іс-әрекеттік бағыт. Оның авторы - венгерлік ғалым Пето-да баланың дербес белсенділігінің және тәуелсіздігінің өндірілуіне бағытталған ...