ⓘ Free online encyclopedia. Did you know? page 127

Жолаушы айналым

Жолаушы айналым - белгілі бір уақыт көлемінде орындалуға тиіс көлік жұмысын жолаушы километр санымен анықтайтын көліктік өнім өлшеуіші. Жолаушы-километр - жолаушылардың жүрген жолы мен санын анықтайтын көліктік жұмыс бірлігі. Жолаушы ағымы - белг ...

Жолаушы тасымалы

Жолаушы тасымалы – көлікпен жолаушылар тасымалдау жұмысы. Жолаушы тасымалы магистральдық және қала көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы мен жылдамдығына және көлік түрлерінің ерекшелігіне қарай ажыратылады. Темір жол көлігінд ...

Жолаяқ

Жолаяқ – келген қонақты жолға шығарып, салып тұрып, оларға жол болсын айтып, дәм-тұз ұсыну. Жолаяқа ауыл адамдары, дос-жарандары, ағайын-туыс, құрбы-құрдастары жиналып, жол жүрушінің құрметіне шағын сауық кешін өткізеді. Кейде атқа алғаш мініп, ж ...

Жолақтылық

Жолақтылық.Таужыныстарда тек өздеріне ғана тән қасиеттері тұрғысынан оқшауланған жұқа жолақтардың бір-бірін алма-кезек алмастырып отыруы; әрбір жолақты оқшаулайтын қасиеттер әдегге оның минералдық құрам өзгешелігінен, түс және құрылым-бітім ерекш ...

Жолбарыс Жылқайдарұлы

Жолбарыс Жылқайдарұлы - би, батыр. ұлы жүз құрамындағы Жалайыр руының Күшік тармағынан шыққан. "Ақтабан шұбырыңды, Алқакөл сұлама" жылдары Іле мен Қаратал өзенінің аралығыңаағы жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысқан. Кейін Жетісу жері жаудан таза ...

Жолбарыс көз

Жолбарыс көз - өзге минералдардың өте ұсақ талшықты немесе жарғақты түйіршіктерін кіріктіретін кварц; жолак, сарғыш және қоңыр-қошқыл түстерге боялған кристалдар түрінде ұшырасып, құлпыра жалтылдайды; әшекей тас.

Жолбарыс Сұлтан Елшіліктері

Жолбарыс Сұлтан Елшіліктері – Жолбарыс сұлтанның Абылай хан тапсырмасымен Ресейге, Қытайға барған елшілік сапарлары. Жолбарыс сұлтан Абылай ханның немере інісі, сол кездегі қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатында үлкен рөл атқарған. Өкінішке ора ...

Жолбарыс терісі тәріздес жүрек

Жолбарыс терісі тәріздес жүрек - Кесіндінің бетінде, эндокардтың асты, мүйізгек және айдарлы еттердің арасында жолбарыс терісінің түсіне ұқсас жіңішке ақшыл- сары жолақтар бар жүрек. Миокардтың майлы дистрофиясында кездеседі.

Жолдарды талдау

Жолдарды талдау - программадағы барлық мүмкін жолдарды анықтау, толық емес жолдарды немесе бірде-бір жолға тиісті емес программа бөліктерін табу мақсатында программаға таддау жасау.

Жолдарды тасымалдау

Жолдарды тасымалдау - ұзындығы шығару қүрылғысы жолының ұзындығынан артық мәтіндік хабарларды қабылдау кезінде жолды ауыстыру символын автоматтық кірістіру.

Жолдармен операция

Жолдармен операция - жолдық мәліметтермен - литерлік немесе биттік жолдармен орындалатын операция. Операция түрлері: Жол, қатар - 1) файлмен байланысу жолы немесе оның дискідегі бумалар тізімінен тұратын адресі. Файл атауының аяғы қосымшасы деп т ...

Жолдасбеков атындағы көше (Алматы)

Жолдасбеков атындағы көше. Көшеге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, аса талантты ғалым, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі - Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің есімі берілген. Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков 1931-1999 Шымкент обл ...

Жолдастық

Жолдастық – белгілі бір ортақ мүдде, көзқарас және өзара сыйластық, мінез үйлесімділігі, т.б. негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы қарым-қатынас түрі. Алайда тек ортақ мүдде мен көзқарастардан жолдастық тумайды. Мүдделестер көздеген мақсатта ...

Жолдасқали Досмұхамбетов

Досмұхамбетов Жолдасқали. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы. Ленин атындағы сыйлықтың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО-ның Құрметті мұнайшысы. Мәскеу мұнай институтын, КСРО Мұнай өнеркәсібінің Мәскеу академиясын ...

Жолдағы (жылжымалы) қорлар

Жолдағы қорлар -бөлімше жанындағы, ұрыс техникасындағы және сонымен қатар қозғалатын штаттық көліктегі тиісті мөлшерде, табельмен белгіленген материалдық құралдар қоры. Жолдағы қорлар негізгі түрлері: окдәрі, жанармай, майлағыш материалдар, азық- ...

Жолдерек, жолнама

Жолдерек, жолнама - жол көрсетуші адам; жолаушыларға керекті мәліметтер көрсетілген немесе көрме заттарын аралауға қажетті мәліметтер жазылған анықтамалық басылым.

Жолжазба

Жолжазба – автордың жолсапары кезіндегі алған әсері мен көзбен көрген нақты оқиғалар суреттелетін шығарма. Күнделік, очерк, мемуар, т.б. түрінде жазылады. Жолжазбалар танымдық мәліметтерімен құнды. Сонымен қатар оларда саяси, философия, эстетика ...

Жолсапар очерктері

Жолсапар очерктері – журналистің белгілі бір аймаққа немесе елге сапары жайлы жазбалары. Жолсапар очерктері журналист эмоцияға да, көрген-білгенін сараптауға да, алған әсерін оқырманмен бөлісуге де құқылы. Мұнда пікірлердің алуандығы маңызды емес ...

Жолы болу

Қазіргі түсінік бойынша - сапарың оң болсын деген тілек мағынасын білдіретіні белгілі: "Жолаушылардың біреуі Дәмешті көріп, жолың болсын дегендей қолын бұлғайды". Ой елегінен өткізе, санаға салып саралай түссек, осы тіркестегі "жол" тұлғасының ер ...

Жолымбет көшесі (Астана)

Жолымбет көшесі Шет көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. А.Чехов, Бестөбе көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 889 м. Жолымбет - Ақмола облысының Шортанды ауданындағы кент.

Жомарттық

Жомарттық, жауанмәрттілік – адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық, ақ пейілділік, даналық. Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналы ...

Жон

Жон – беткейлері көлбеу, етегі айқын шектелмеген, бір бағытта созылып жатқан қырат. Салыстырмалы биіктігі 200 м-ден аспайды. Пайда болу жағынан тектоникалық, эрозиялық, мұздық-аккумуляттік деп ажыратылады. Жон Қазақстанда және жиі кездеседі. Жонд ...

Жонгерлік өнер

Жонгерлік өнер – цирк өнерінің бір түрі; үш немесе онан да көп затты белгілі бір ырғақпен лақтырып және қағып алу машығы. Жонгерлік өнердің алғашқы үлгілері Мысыр, Грекия, Рим, Қытай, Жапонияда пайда болған. Орта ғасырларда оны француз кезбе арти ...

Жонглер

Жонглер – 1) орта ғасырлардағы француз кезбе актерлері мен музыканттарының жиынтық атауы. Олар ағылшын менестрельдеріне, неміс шпильмандарына, орыс скоморохтарына ұқсас болған. XI ғасырда өнер көрсетудің мұндай түрі музыка мен поэзияны, мимика жә ...

Жону білдектері

- ағаш өңдеу өндірісінде дайындамаға немесе кескіш құралға айналу және ілгерілемелі қозғалыстар беру арқылы өңделетін тетіктерде айналмалы пішіндер қалыптастыратын құрылғы.

Жоралғы

Жоралғы – қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпындағы кәделердің бір түрі; жасы үлкен адамдарға, ағайын-туыстарға немесе сыйлы қонақтарға қалыптасқан дәстүрлерге сай көрсетілетін құрмет, берілетін сый-сияпат." Жоралғысыз жол болмайды” деп түсінген қаза ...

Жорамал

Жорамал – айқын да нақты емес нысанды онда болуы мүмкін қасиеттер арқылы тануға ұмтылу. Әдетте, заттың не құбылыстың сыртқы көрінісі мен ішкі мазмұны үнемі сай келе бермейді, сондықтан олардың сыртқы көрінісіне қарап ішкі мазмұнын барлық жағдайда ...

Жорамал сан

Жорамал сан – нақты бөлігі нөлге тең комплекс сан, яғни іy түріндегі сан. Ғылымда" Жорамал сан” термині бұл сандардың нақты мәні әлі ашылмаған кезде-ақ қолданыла бастады.

Жордан леммасы

Жордан леммасы - айталық, |z|> c≥0, lmz≥0 теңсіздіктерін қанағатандыратын кешен айнымалды z-тен тәуелді бірмәнді аналитикалық f функциясының дискретті ерекше нүктелерінен басқа ерекшеліктері болмасын. γ={z:|z|=Rlmz≥0},R n ↑+∞, деп алайық. Осы ...

Жордан теоремасы

Жордан теоремасы - жазық жай тұйық Г сызығы R 2 жазықтығын осы сызық ортақ шекарасы болатын екі байланысты екі компонентке бөліктейді. К. Жордан дәлелдеген.

Жордан қисығы

Жордан қисығы - шеңбердің немесе кесіндінің үзіліссіз инъективті бейнелі кеңістікті айтады. Осы анықтаманы ұсынған К. Жорданның атымен аталған. Шеңбер жағдайында оны тұйық Жордан қисығы деп, ал кесіндінікін - Жордан доғасы деп атайды.

Жорж Фридман

Жорж Фридман - француз әлеуметтанушысы. Еңбек әлеуметтануы теориясының негізін қалаушы және қолданушысы, сонымен бірге ғылыми менеджмент қозғалысының сыншыСЫ! Оның еңбек әлеуметтануы өзінің еңбек процесінің табиғаты мен эволюциясы жөніндегі семин ...

Жорис-Карл Гюисманс

Жорис-Карл Гюисманс – француз жазушысы. Гонкуров академиясының тұңғыш президенті 1900 жылдан бастап. 1866 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Ішкі Істер Министрлігінде жұмыс істейді. 1874 жылы "Дәмділері бар ваза" атты өлеңдер жинағы басылып шыға ...

Жору

Қазіргі тілімізде тұспалдау, болжалдау, топшылау болып түсіндірілген. "Ербол бұл көріністің мәнін өзінше жорыды". "Тұспалдау" мағынасында "жору" тұлғасына сәйкес сөзді қазіргі түркі тілдерінен тек якуттардан ғана кездестіреміз. Онда - сэрэйии. Бұ ...

Жорық бекеті

Жорық бекеті - жорықтағы әскерлерді күзету органы. Жорық бекеті күзетілетін лектердің кедергісіз жылжуын қамтамасыз ету, оны қарсыластың тұтқиылдан шабуылынан қорғау, жазылуға және ұрысқа кіруге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мен қарсыластың ...

Жорық белбеуі

Жорық белбеуі – дәстүрлі қазақ қоғамында жауынгерге арнап жасалатын белбеу, белдік. Жорық белбеуі жібектен, жүннен тоқылған маталардан және былғары, қайыстан жасалған. Оны қоламен, мыспен, жезбен, алтынмен, күміспен оймыштап, әдемі доғабастармен, ...

Жорық жағдайы

Жорық жағдайы - қозғалысқа даярланған әскери техниканың әр түрлі үлгілерінің жағдайы. Ол әскери техниканы қысқа уақытта жорық жағдайынан ұрыстық жағдайға көшіруді талап етеді.

Жорық жылдамдығы

Жорық жылдамдығы - бөлім мен бөлімшелердің бір сағатта немесе бір тәулікте жүріп өткен жолының орташа жылдамдығы. Ол километрмен өлшенеді. Әскерлердің қозғалу жағдайына, жаттықтырылуына, көліктік техникалық мүмкіндіктеріне, жолына, ауа райына, жы ...

Жорық күзеті

Жорық күзеті - күзетілетін әскерлерге қарсыластың барлаушыларын жібермеу, оларды қарсыластың тұткиылдан шабуыл жасауынан қорғауға және шеп құруга, ұрысқа енуге қолайлы жағдай жасау максатында жорықта ұйымдастырылатын әскерлерді күзетудің түрі. Құ ...

Жорық легі

Жорық легі - құраманың, бөлімнің бір бағыт бойынша жорықпен жылжуы үшін сапқа тұруы. Жорық легі ұзындығы бойынша жіктеледі. Жорық лекті ұрыстық жағдайда сапқа тұрғызу кезінде алдағы ұрыстың мәнісі ескерілуі және әскерлердің ұрыстық ретке тез жайы ...

Жорық реті

Жорық реті - жорық жасау үшін бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың өздерінің күшейту құралдарымен бірге сапқа түруы. Жорық реті алда тұрған әрекеттердің мәніне жауап беруі қажет және төмендегілерді жеке құрам мен әскери техниканы сақтауды қар ...

Жорық ретінің тереңдігі

Жорық ретінің тереңдігі - жорықтың алдыңғы жағындағы қорғаушылардан бастап соңғы жағындағы техникалық тұйықтаушыларды қосқанға дейінгі аралық. жол оқпанының санына, бөлімдердің түгелденуіне, бөлінген күшейту құралдарына, машиналарға, бөлімшелер а ...

Жорықта қорғау

Жорықта қорғау - жорықтың бағытына және жағдайына байланысты бөлімдерде ұйымдастырылған қорғану шаралары. Майданнан - авангардпен, бас жорық бекетімен және шолғыншы машиналармен, тылдан - арргардтармен, тылдың жорық бекетімен және шолғыншы машина ...

Жоса

Жоса – құрамына темірдің немесе қорғасынның кейбір оксидті туындылары кіретін пигменттер тобының жалпы атауы. Темір жосасы – қоңыр қызыл түсті табиғи пигмент. Химиялық құрамы -Fe2О3 және сазды заттар мен кварц қоспаларынан тұрады. Жарықтың, сілт ...

Жосалы көшесі (Астана)

Жосалы көшесі М.Дулатов көшесінен басталады. Ұзындығы - 331.7 м. Бұрынғы атауы В.Рагузов көшесі. Жосалы Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданының орталығы. Қызылорда қаласынан 147 шақырым жерде орналасқан.

Жоспар (архитектура)

Жоспар, архитектурада – архитектуралық құрылыс ғимараттарының немесе адамдар қоныстанатын мекендердің төбесінен қарағандағы көрінісінің белгілі бір масштаб бойынша қағаз бетіне түсірілген сызбасы не макет түріндегі көрінісі. Мұндай жоспарда салын ...

Жоспар (оқу)

Жоспар - білім беру мекемесінде оқытылатын оқу пәндерінін құрамын, оларды оқудың тәртібін, аптасына және оқу жылына белгіленген сағат санын, оқу жылының құрылымын анықтайтын сертификат.

Жоспарлау

Жоспарлау - уақыт бойынша процестерді реттеу, процестердің арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру. Тәжірибені жоспарлау - параметрлер мөлшеріне байланысты тәжірибені рационалды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін математикалық ...

Жоспарлауыш

Жоспарлаушы - 1) мәліметтер өндеу жүйесінде белгілі бір жұмыстарды жоспарлаудың ішкі жүйесі; 2) компьютерге бір мезгілде енгізілген программалардың арасында есептеу жүйесінің ресурстарын үлестіруді жүзеге асыратын және осы үлестіруді тиімді ететі ...

Жоспарлы аэросурет

Жоспарлы аэросурет - аэрофотоаппараттың оптикалық білігінің аспалы қалпында алынған немесе оның тік сызықтан 3"-тан аспайтын ауытқуы кезінде алынған сурет. Жоспарлы аэросурет жергілікті жерді жан-жакты зерттеуге және сол бойьшша топографиялық кар ...